“Туған тұғырдан - ғарышқа” ұшқыш-ғарышкер Т. Мұсабаевтың 70-жылдығына арналған

Балаларға базарлық!

Назарларыңызға «Түлкі мен құмыра» ертегісін ұсынамыз.

2023 жыл - Түркі елдеріндегі Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланғаны белгілі. 21 ақпан күні ұлтының ұлылығын ұлықтаған, ақтық демі таусылғанша бар болмыс - бітімімен, пәк жүрегінің асыл сенімімен елі мен жерінің өркендеуіне баға жетпес қызмет атқарған ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі - Темірбек Қараұлы Жүргенов. Есімі тек қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, «Темір нарком» атанған мемлекет және қоғам қайраткері, қаламы қарымды сыншы, көсемсөз иесінің туғанына 125 жыл толады.

Біздің елде мәдени революция оның есімімен байланысты. Көптеген салаларда ол ізашар болды: ол Қазақстанның Тұңғыш ағарту министрі болды; оның табандылығының арқасында 1934 жылы Алматыда Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның бірден алты ірі жоғары оқу орындарының құрылысы басталды.

Т. Жүргенов мәдениет және өнер мекемелерінің жұмысын қадағалады - Қазақ АССР өнер істері комитетін басқарды. Ол 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнері мен әдебиетінің бірінші онкүндігін ұйымдастыруға жауапты болды, онда Қазақстан онкүндігінде Мәскеуде өнер көрсеткеннен кейін Күләш Байсейітова КСРО Халық әртісі атағына ие болды. Ал Темірбек Жүргеновтің өзі Мәскеуде Еңбек Қызыл Ту орденін алды.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 15 желтоқсан күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дүйсен Қорабайұлы Қасейіновтің қатысуымен Түрксой басылымдарын Қарағанды қаласы кітапханаларына табыстау рәсімі өтті.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар!

Облысымыздың бас кітапханасы тағы да бір құнды кітаппен толықты.

Кітапхана қорына белгілі ғалым, өлкетанушы Тұрғанбек Алланиязов Жезқазған қаласынан арнайы келіп, кітаптарын сыйға тартты.

Кітап авторына құнды дүниені кітапханаға табыстаған үшін алғыс айтамыз. Еңбегіне жеміс және өлкетанулық тың деректер табуына тілектеспіз.

Жезқазған қаласының әлеуметтік-саяси тарихы туралы толымды ақпарат іздеген оқырмандарға таптырмас еңбектерді кітапхананың өлкетану бөлімінен оқуға болады.