Кеше кітапханамыздың базасында ZOOM  платформасында сахна саңлағы, жерлесіміз, Қарқаралы ауданы, Милыбұлақ ауылының тумасы, көрнекті актриса ҚазКСР және КСРО-ның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ұлағатты ұстаз, профессор Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың 100 жылдық мерейтойы аясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Театр өнері» факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақ сахнасының Ақтоқтысы» атты дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...

Қазақ сахнасының саңлағы : Бикен Римованың 100 жылдығына : библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Ж. С. Шохшина. – Қарағанды, 2023. – 6 бет.

Биыл елімізде өнер мен мәдениет саласына үлес қосқан бірқатар азаматтардың мерейтойлары аталып өтіледі. Солардың ішінде кино экраны мен театр сахнасында қазақтың талай ару қызы мен абзал аналарының сүбелі образын сомдаған талантты актриса, қаламгер, драматург, Қазақстанның халық әртісі, Қырғыз Республикасы өнерінің еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Бикен Римова бар. Биылғы жылы актерлік болмысы өзгеше, ешкімге ұқсамайтын, халқымыздың дарынды өнер қайраткері Бикен Римованың туғанына 100 жыл толып отыр. Оның творчестволық жолы ұлттық театр, киномыздың даму тарихымен тікелей өзектес. Шын мәнінде халқының әртісі аталған белгілі өнер шеберінің кешегісі мен бүгіні баршамызға өнеге.

Ендеше, құрметті оқырмандар! Қазақ сахнасында ғана емес, жалпы кино әлемі мен театр сахнасында бейнеленген кейіпкердің өмірі мен өнер жолы туралы қызықты да, танымды деректер жинақталған "Қазақ сахнасының саңлағы" атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Көрсеткішті құрастыру барысында облыстық кітапхананың каталогы, өнер әдебиеттер бөлімі мен ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қордағы кітаптары, тарихи танымдық анықтамалар мен әдеби еңбектері, мерзімді басылымдар беттеріндегі деректі мақалалар пайдаланылды.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының 2022 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Л. С. Карпунина, У. Жамауова, И.С.Иссык,. – Қарағанды, 2021.

Жыл сайын Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық – библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының тарихи маңызды күндеріне арналған күндізбе шығарып тұрады.

Күндізбеде 2022 жылы аталып өтілетін ақын – жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің мерейтойлық даталары берілген. Басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кәсіби мереке күндеріде көрсетілген.

Басылым материалдары әр айға бөлініп, жалпы тізім бойынша орналастырылған.

Ең маңызды деген мерейтой даталарында Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК қорында бар әдебиет тізімі де ұсынылған. Күні мен айы белгісіз даталар жеке беріліп, оған да әдебиеттер тізімі жасалған. Күндізбеде көрсетілген көрнекті тұлғалардың мерейтой даталары мен тарихи оқиғалардың күндеріне шағын библиографиялық тізім берілген. Кітапханамыздың мәліметтер қоры көптеген тұлғалар мен оқиғалар жайлы ақпарат көздерімен едәуір көбірек қамтылған.

Күнтізбе қазақ және орыс тілдерінде шығады.

Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.

Қазақстан Республикасының 2024 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Г.С. Мухамбетчина. – Қарағанды, 2023. – 45 б.

Жыл сайын Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық - библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының ұмытылмас, тарихи күндеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде күнтізбе шығарады.

Күнтізбеде елімізге танымал ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің 2024 жылы атап өтілетін мерейтойлы даталары қамтылған.

Сонымен қатар, басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелері күндері енгізілген. Мерейтойлы даталарды атап өтуде өзіндік көмегін тигізеді деген мақсатта Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК қорынан табылатын әдебиеттер тізімі ұсынылған.

Күні мен айы белгісіз айтулы даталар бөлек беріліп, оларға да әдебиеттер тізімі жасалған.

Күнтізбе материалы әр айға бөлініп, онда жалпы тізім бойынша орналастырылған.

Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен ең жылы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Кітапхана ісі - қазіргі қоғам мәдениетінің маңызды бөлігі. Кітапхана-бұл адам қарым-қатынас жасауды, ойлауды, өз тілін және адамзаттың гуманитарлық мұрасын білім беру мектебі.

Уақыт кітапханалардың жұмысына жаңа формалар мен кең мүмкіндіктер әкелді. Жаңа технологиялардың, Интернеттің арқасында кітапхана мен кітапханашы әр пайдаланушының үйіне кірді.
Кітапханалар көптеген кітап қазыналарын сақтайды, бірақ басты құндылық - тағдырлары кітаппен тығыз байланысты адамдар, мәдениетті адал сақтаушылар, кітапханашылар.

Достар! Шабыттанған еңбектеріңіз, шығармашылық, талант, кәсіпқойлық, адамдарға қуаныш сыйлай бергендеріңіз үшін ризашылық тілегімізді қабыл алыңыз!

Сіздерге қызықты идеялар мен жобалардың табысты жүзеге асуын, бай кітап қорлары мен риза оқырмандар тілейміз!

Жаңа кәсіби жетістіктер мен бақыт тілейміз.