Қадірменді оқырман, құрметті өнер сүйер қауым! Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған "Мәдениет маңызды құндылық" атты кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз!
11 сәуір күні облыстық кітапханада «ZERDE» әдеби-мәдени клубының аясында ақын, облыстық, республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері,
Жұмабек Тәшенов атындағы сыйлықтың иегері поэзия әлеміне өзіндік үн қосқан Хасен Кәмшаттың шығармашылығына арналған «Мөлдір сезім» атты кездесу кеші өтті.
Кештің мақсаты: рухани және интеллектуалдық дамытудың көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту, кітап оқуды насихаттау. Отандық және әлем әдебиеттерін оқуға тарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттырып, шығармашылығын дамыту.
Наурыз - көне мейрам. Қазақ халқында Ұлыс күні - жыл басы. Жер–Ана бусанып, көктемнің лебі білінетін мезгіл әрқашан қасиетті де киелі саналған Осы күнді «Жаңа жылдың басы, жаңа өмірдің бастауы» деп тану халық даналығы деуге лайық.
Бүгінде Наурыз мерекесі – жай ғана жыл басы немесе мерекелік рәсім емес, Азаттығымыздың рухани айғағы. Халқымызды рухынан ажыратпайтын, жігеріне жігер, салтанатына салтанат үстейтін мереке.
Ұлы мерекеміздің мемлекеттік мәртебе алып, ресми мерекелене басталғанына да 30 жыл болыпты. Бұл - Тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығымен тұспа – тұс келетін мереке, барша қазақстандықтар үшін ортақ қуаныш. Осыған орай кітапханамызда «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Құрметті оқырмандар!
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесінің бейне шолуын ұсынамыз.
Жыл сайын 6 шілдеде бүкіл ел Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік мерекелерінің бірі - Астана күнін атап өтеді.
Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында атап өтілетін мереке ерекше мәнге ие болды.
Мереке қарсаңында оқу залында «Нұр-Сұлтан - болашақтың қаласы=Нур-Султан – город будущего» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Біздің елордамыз, еліміздің әкімшілік орталығы ғана емес– бұл Қазақстанның мақтанышы, тәуелсіз мемлекеттің қарқынды дамуы мен тұрақтылығының символы. Бұл еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жасампаз идеясының нәтижесі.
Тағы мақалалар...
- Облыстық «Кітап оқуды ілгерілетуде онлайн қызметтерді пайдалану» семинары (жүйе техник мамандарының секциясы)
- Облыстық «Сандық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар, толықтыру, пайдалану» семинары (толықтырушылар секциясы)
- Облысының 2025 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
- Орталық Қазақстан