Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Елді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Осындай ізденіске толы қазақ фольклористикасында ересен еңбектенген, қазақ халқының бай ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді ауқымды зерттеумен
...