IPRbooks

IPRbooks  электронды-кітапханалық жүйесі - бұл электрондық кітапхана жүйесін, баспа және электронды кітаптарды қамтитын ресурс.  ЭКЖ қоры 108000-нан  астам басылымды құрайды. Бұл оқу және ғылыми әдебиеттер, мамандар даярлаудың әртүрлі бағыттарындағы журналдар, көркем әдебиеттер, аудио басылымдар, серіктес кітапханалар ?  сирек кездесетін кітаптар қоры.

Электрондық кітапхананың негізгі қоры 43000-нан астам оқу және ғылыми лицензиялық басылымдардан, 620 атаудан астам журналдардан тұрады. (жылдар бойынша мұрағат) Бұл әдебиеттерді 700 федералды, аймақтық және университеттің баспалары, ғылыми-зерттеу институттары және жетекші авторлық ұжымдар ұсынады. IPRbooks ЭКЖ қорларының айтарлықтай бөлігі ерекше негізде ұсынылған.

Библиографиялық ақпарат бөліміне хабарласыңыз.

«Гребенников» БҮ

Әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық тақырып материалдары: мерзімді басылымдардағы материалдар, ресейлік және шетелдік авторлардың мақалалары, практикалық, кеңес беру, оқытушылық және ғылыми қызметіндегі жетістіктері бар мамандардың басылымдары.

Библиографиялық ақпарат бөліміне хабарласыңыз.

 

Polpred.com БАҚ шолу

Маңызды басылымдардың мұрағаты ? жиналады. Айдарлы деректер базасы: 53 сала / 600 дереккөз / Ресей Федерациясының 9 федералды округі / 235 ел және аймақ / негізгі материалдар / 7000 жоғары лауазымды тұлғалардың мақалалары мен сұхбаттары. Күнделікті мың жаңалық, толық мәтіні орыс тілінде. Ақпараттық агенттіктер мен бизнес баспасөзіндегі 15 жыл ішіндегі миллиондаған сюжеттері. Сала және мемлекеттер бойынша интернет қызметтер.

ДБ қолдану үшін библиографиялық ақпарат бөліміне хабарласыңыз

 

eLibrary USA

eLibrary USA деректер базасы - АҚШ-тағы өмірдің әр түрлі аспектілері туралы ақпараттардан тұратын және АҚШ консулдықтарының ақпараттық орталығының пайдаланушылары үшін қол жетімді толық мәтінді электронды деректер базасы. eLibrary USA ағылшын тілін үйренуге арналған ақпараттық материалдар, америкалықтар тарихы мен мәдениеті,  денсаулық сақтау, бизнес туралы мақалалардың кең спектрін қамтиды.

Халықаралық кітаптар бөліміне хабарласыңыз. ДБ қолдану халықаралық кітаптар бөлімі компьютерлері арқылы жүргізіледі?

Кітапхана оқырмандар үшін 9.00 – 18.00 дейін үзіліссіз жұмыс істейді.
Демалыс күні — сенбі.
Әрбір айдың соңғы сәрсенбісі — тазалық күні.