Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_xamzin is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_xamzin is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Бүгін кітапханамызда Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп күйші Мағауия Хамзинге арналған ерекше форматта әсерлі әдеби музыкалық кеш өтті. Аталмыш шараның шымылдығы Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арқа сазы" фольклорлық ансамблінің орындауындағы шертпе күйдің шеберлері Тәттімбет пен Мағауия Хамзиннің күмбірлеген күйлерімен ашылды.

Аталмыш шараның өтуіне Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен жарық көрген "Күмбір-күмбір күй төккен, Күйден күмбез тұрғызған" атты кітабы мұрындық болды. Халық құрметіне бөленген ҚР Халық әртісі, шертпе күйдің шебері, Балқаш қаласының құрметті азаматы Мағауия Хамзиннің шығармашылығынан сыр шертетін, күйлерінің ноталары берілген ерекше кітаптың тұсауы осы кеште кесіліп, оқырманға жол тартты.

Кешімізге қаламыздағы күйшінің ұрпақтары Бақыт Жақыпбекқызы (келіні), немере ағасының ұлы Оралтай Тиыштыбайұлы арнайы келіп қатысты.Қонақ кәде ретіндекүйшінің өз қолымен жасаған домбыраларын әкелді. Туған-туыс, дос-жаран арасында бастары қосылғанда күйшінің өнегелі өмірі мен тағлымды өнер жолындағы құнды естеліктерін тілге тиек етті. Жерлесі әрі шәкірті, кезінде Балқаш қаласында бірге қызметтес болған, бүгінде домбыра жасаудың шебері Аман Садуақасов та ұстазының ерекше қуанышқа толы кездерінен сыр шертті. Домбыра жасағанда қолданған ерекше әдісі туралы сағынышқа толы жүрегінен әңгіме өрбітті.

Аталмыш шарамызға жастар жағы да ат салысты. Сегіз қырлы бір сырлы күйші, өнертану ғылымдарының магистрі, кітапханамыздың "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшесі, "Мағауия Хамзин" атты монографиялық еңбегінің авторы Манап Бағдатұлы ғылыми еңбегінің не себептен ұлттық сахна өнерінің дарабозы күйші Хамзинге арнағаны туралы әңгімеледі. Кешті арқау етіп өз еңбегін кітапхана қорына сыйға тарту етті.

Жиналғандар назарына Мағауия Хамзиннің шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылып, "Мағауия есімін ардақтайық!" атты қызықты және танымды викторина ұйымдастырылды. Кешке жиылған қауым күйшінің қолдан жасаған домбырасымен селфи жасап, рухани сусындап қайтты.

Бүкіл саналы ғұмырын қазақтың күй өнеріне, қасиетті қара домбыраға арнаған жерлесіміздің жолын жалғастырар ұрпақ көбейе берсе екен деген тілекпен кештен тарқасты.

{gallery}material/news/2019_xamzin{/gallery}

Оспанукулова Б.З., өнер туралы әдебиеттер бөлімі