Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_baltabay_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2019_baltabay_1 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Елді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Осындай ізденіске толы қазақ фольклористикасында ересен еңбектенген, қазақ халқының бай ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді ауқымды зерттеумен айналысқан ғалым – Балтабай Әбдірахманұлы Адамбаев биыл 100 жасқа толды.

Осыған орай, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен "Әдебиетші ғалым, ардақты ұстаз" атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Кештің мақсаты: Қазақ әдебиетінің насихатын күшейту. Арамыздан кеткен тұлғаларды еске алу. Сол арқылы дәстүр жалғастығын, әдебиеттер жалғастығын бүгінгі ұрпақтың санасына қондыру.

Әдеби-танымдық кешіне танымал жазушылар Кәмел Жүністегі, Өмір Кәріпұлы, Төрехан Майбас, фиология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов, еңбек ардагері, ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Тұрсынхан Бердалина және белгілі журналист, публицист Марал Хасеннің жұбайы Рымбала Смайылова қатысты.

{gallery}material/news/2019_baltabay_1{/gallery}

Сөз зергері Балтабай Адамбаевтың есімі оқырманға жақсы таныс. Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы "Сырларым" (1959), "Аманат" (1972), "Ақбөбек" (1962), "Жауынгер" (2007) т.б. кітаптарының авторы. Шешендік сөздердің және мақал-мәтелдердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы "Шешендік өнер" (1969), "Халық даналығы"(1976), "Қазақтың шешендік өнері"(1984) атты монографиялық зерттеу еңбектері шықты. Сондай-ақ, "Қазақ ертегілері" (1962), "Шешендік сөздер"(1967), "Ел аузынан"(1985) т.б. жинақтарын құрастыруға қатысты. Ол өз еңбектерінде халық мақал-мәтелдері мен шешендік сөздердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік, өмір танытқыштық мәнін, сонан соң олардың қалыптасу, даму жолдарын анықтау, әдеби-көркемдік ерекшеліктерін ашу, ақындық-шешендік өнерді үйрену, игеру жолдарын көрсету мақсаттарын ұстанған ғалым.

{gallery}material/news/2019_baltabay_2{/gallery}

Шара қонақтары Б. Адамбаевтың зерттеулері ауыз әдебиетін оқыту және зерттеу ісін жүзеге асыруда маңызы зор еңбектері, қазіргі кезеңде автордың зерттеулері қазақ фольклористикасынан өзіне лайықты орын алғандығы жайында әңгіме қозғады. Яғни, жазушының шығармалары кеңінен таныстырылып, туындыларының мазмұны адамдарды жақсылыққа үндейтінін ортаға салды. Көркем суреткердің халықтық бояуға толы туындыларын сөз етті.

Кеш барысында Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері, Дарын мектебінің, №2 "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының оқушылары ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесіне әдеби шолу жасап, жазушының қанатты сөздерге айналып кеткен ойларынан сыр шертті, өлеңдерін оқыды.

{gallery}material/news/2019_baltabay_3{/gallery}

Ия, сонымен бұл кештен не түйдік, "Шынайы жазушы – халық перзенті". Бұндай кештер халық үшін, бүгінгі ұрпақ үшін, әдебиеттану ғылымының қанатты жылдарын ұзарту үшін керек.

Кешке келген ұстаздар қауымы, кітапханашылар, студент жастар үлкен тебіреніспен және әдебиетші ғалымға деген мақтаныш сезіммен қайтты.

 

Өлкетану әдебиеті бөлімінің басшысы С.О.Телпекбаева