Фильтр
  • Ағымдағы жылдың 21 ақпанында сағат 18.00-ден 22.00-ге дейінгі уақытта кітапханамыз кезекті «Кешкі P.S.» шарасын өткізді

    «Кешкі P.S.» негізгі идеясы – оқуды насихаттау, еркін қарым-қатынасқа, шығармашылыққа және демалысқа арналған бос алаң жұмысын ұйымдастыру.

    Бұл жолы көпшілік алдында өткен кездесуде болған белгілі қарағандылықтар да, жаңа есімдер де өз

    ...
  • Ақындық дегеніміз... – әрбір, әлдебіреудің о деп, бұ деп мақтау да, жәдігөйлік мүләйімсу мен көлгірсу де емес, - ол адам өмірінің өзегіндегі ақындық ардың үні, жан дүние тынысы. Ақын орны – қаламы қандай биікке көтеріп шығарса, сол жерде. Ондай орын әсіресе биікте көп. Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергері болғанда жәй ғана зергер емес, сөз арқылы адамның жан дүниесін, сана-сезімін тәрбиелейтін зергер. Сондықтан да ол «адам жанының

    ...
  • Биыл 2020 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында екі автордың шығармалары насихатталады.Ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы мен Шығыс ғұламасы Әбу – Насыр әл – Фарабидің 1150 жылдығына орай, жазушы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романдары таңдалды. Күллі әлемді мойындатқан қазақтан шыққан қайталанбас тұлғаларды насихаттау біздің азаматтық парызымыз болмақ.

  • Бейбітшілік пен татулықты көздің қарашығындай сақтауды алдына мақсат етіп қойған ел, әр уақытта да лаңкестік әрекеттерден сақтанады. Себебі, қандай ел болмасын халықтың амандығы мен бостандығы басты назарда болмақ. Дүниені дүр сілкіндіретін террорлық қатыгездік, өлім мен қастандыққа толы әлем, алдау мен арбау, тура жолдан адастыру сияқты теріс бағыттағы діндер қоғам үшін қауіпті. Қоғамда сақтық шараларын насихаттау біздің адами парызымыз.

  • Биыл Арқаның ақиық ақыны Серік Ақсұңқарұлының мерейтойы!

    Қазақ поэзиясының ұлы көшіне өзіндік  ерекшелігімен, өз бояуымен келіп қосылған ақындық қуаты бұл күнде оқырман қауымға кеңінен таныс.