Жыл сайын 9 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аталып өтеді.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіретін ең басты қауіп-қатердің бірі екенін түсіндіру мақсатында кітапханамыздың оқу залында

«Қазақстандықтар жемқорлыққа қарсы» атты көпшілікке арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз-бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» деп айтқан екен кезінде Аристотель.

Көпшілікке арналған кітап көрмесі жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру, жемқорлыққа қарсы шараларды насихаттайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың негізі. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық ахуалына кері әсер ететін, елдің қалыпты дамуына айтарлықтай қауіп төндіретіні ақиқат.

Көрмеге Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңы, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауы, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан: 2050 Жолдауы», «Нұр-Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» құжаттары пайдаланылды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы Қызмет хроникасы», «25 белес Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар» басылымдарынан «Нұр Отан «ХДП төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелерінің тазалығына, ішкі партиялық және жеке тәртіпке баса мән беру қажеттігін үнемі айта келе, Партияның «Сыбайлас жемқорлыққа он мәрте күйрете соққы» атты арнаулы бағдарламасы халықтан қолдау тапқаны суреттеледі.

Көрмеге мерзімді басылымдар қорынан газет-журналдар да қойылып, аталмыш тақырыпты аша түсті. Атап айтсақ, республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Заң» сынды басылымдардағы мақалалардан сыбайлас жемқорлық, парақорлық тақырыбындағы көкейкесті мәселелермен танысуға болады.

Құрметті оқырман, кітап көрмесімен таныса отыра, кітапханаға келіп өзіңіздің көкейіңізде жүрген сауалдарға жауап ала аласыз.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу сіз бен біздің азаматтық борышымыз.

 

Оқу залдары бөлімінің кітапханашысы А.Ж.Искакова