Әдеби Қарағанды: Библиогр.әдебиет. көрсет.-Қарағанды: Б.ж., 2000.-88 б.

Қарағанды туралы жазылған барлық материалдар бүгінгі күнге дейін толық жүйеленбеген және есепке алынбаған, сондықтан да көпшілік оқырманға материалдарды қолдануға қиыншылық әкеледі. Сондай жүйелеудің алғашқы талпынысы болып келген «Өлкеңді сүйе біл» атты әдістемелік-библиографиялық көрсеткіші /Қарағанды, ОҒӘК, 1967/ шығарылған. Бұл жинақта Қарағанды облысының жазушылары мен ақындары туралы қысқаша мағұлматтар жинақталған.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық кітапхана көп жылдар ішінде қарағандылық жазушыларының шығармашылығына арналған басылымдар шығарған: «Орталық Қазақстан жазушылары» әдістемелік-библиографиялық материалдар /1973/; «Халық жазушысы» Ғ.Мұстафиннің 90 ж-на арналған әдістемелік-библиографиялық құрал /1992/; «Жайық Кәгенұлы Беқтұров» библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші /1992/; «Ұлағат сөзі ұрандай жырау» Бұқар жырау Қалқаманұлының 325 ж-на арналған әдістемелік-библиографиялық құрал /1993/; «Мәңгілік жыршысы» С.Ерубаевтың 80 ж-на арналған жаднама /1994/ «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысында» библиографиялық көрсеткіші /1995/; «Өлеңмен қаптатармын отты селін» библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші Қ.Аманжоловтың 80 ж-на арналған /1996/. «Өлке фольклоры» /1999/ атты библиографиялық көрсеткіште революцияға дейінгі кезең қамтылған: онда халық ауыз әдебиеті, халық ақындарының шығармалары енгізілген.

«Әдеби Қарағанды» атты библиографиялық көрсеткіште советтік кезеңнен басталып қамтылған, өмірі мен шығармашылығы Қарағандымен байланысты сөз шеберлері туралы мағұлматтар жинақталған. Бұл көрсеткіштің мақсаты – көпшілік оқырмандарды Қарағанды жазушылары мен ақындары, сонымен бірге олар туралы әдебиеттермен таныстыру. Мұнда Н.В.Гоголь атындағы кітапханасында бар: шығармалар жинағы, таңдамалы шығармалары, жинақтары, жеке басылымдары, сонымен қатар жинақтарда, альманахтарда, облыстық және аудандық газет пен журналдарда басылған мақалалары барлық әдебиеттер толық мүмкінділігімен көрсетілген.

Материалдарды жинақтауда Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың каталогы мен өлкетану картотекасы пайдаланылды.

Жазушылардың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер алфавит бойынша орналасқан.

Көрсеткіш мұғалімдерге, студенттерге, өлкетанушыларға, кітапхана қызметкерлеріне және Қарағанды жазушылары мен акындардың өмірі мен шығармашылығын білгісі келетін оқырмандарға арналған.

Бұл басылым Қарағанды жазушылары мен ақындары туралы әдебиеттерді жүйелеу өлкетену бөлімінің алғашқы талпынысы. Мұнда кейбір материалдар болмауы мүмкін. Оқырмандардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын құрастырушы мұқият тыңдап алғыспен қабылдайды.