Кітап сүйер қауым, бізде жаңа кітап! «Күміс кісе». Авторы Абзал Бөкен.
Бұл кітаптың тұсауы ақынның 75 жас мерейтойына арналған «Күн астынан күміс жамбы жаудырған» атты шығармашылық кешінде кесілген болатын. Сол кеште осы кітапқа қолымыз жетпей қалып еді. Абзал аға өзім кітапханаға әкеп берем деген уәдесінде тұрып, кітапханамызға сыйға тартты. Оқырманын қуантты.
Жалынды жырларымен оқыр¬мандарының жүрегіне елдік пен ерліктің дәнін еккен, қазақ поэ¬зиясында айшықты қолтаңбасы бар ақын Абзал Бөкеннің бұл кітабы Алматыдағы «Ар» баспасынан басылып шықты.
Кітаптың «Жиған-терген», «Алған-берген», «Көрген-білген» бөлімдерінде өмірдің сан-алуан тақырыптарын тарқатқан.
...Арзанға алданбаған кісі ем ұлық,
Асылын ақ тұйғындай түсем іліп.
Қабыл ал қисынымды, қарақты жұрт,
Ұсынған бір жинақ – бір кісе қылып.
Тұрақты оқырманын ұмытпай, кітапханаға сыйлаған кітабыңыз үшін Абзал аға мың алғыс! Жазарыңыз таусылмасын!
Оқырманға жол тартқан жаңа кітапқа Ақ жол! Келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар! Оқиық, пікір алмасып, талқылайық!