Балалар мен ата-аналар назарына!!!

Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы уақытта Сіздерге Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.

Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.

Жаз айларының дүйсенбі және сейсенбі күндері сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін балаларға араналған шығармашылық алаңдар тек Сіздер үшін жұмыс жасайды:

Достар! Кітапханамызда «Жазғы оқу қаласының» және «Кітапханадағы жаз» жобасының ашылу салтанатына шақырамыз!

Сіздерді 5 маусым күні сағат 11.00-де Ерубаев көшесі 44 мекен-жайында 2023 жылдың күтеміз!

Сіздер үшін Шығармашылық алаңдар:

       «Жазғы оқу қызық оқиғаға шақырады»: шеберлік сағаттар мен зейінді болу ойындары мен жаттығулар;

       «ITландия»: технология әлемін зерттеушілер үшін қызықты алаң, ойындар мен спортты үйлестіру арқылы денсаулық әлеміне саяхаттау;

       «Дамы! Ойна! Жаса! Арманда!»: танымдық және зияткерлік ойындар;

       «Кітап патшалығы»: жаңа кітаптармен танысу, «Үйрен де жирен» шеберханасы;

       «Көңілді арал»: суреттер байқауы, дидактикалық және дала ойындары;

       «Балдәурен»: ұлттық ойындар, АРТ сағаттар мен асық-party;

       «Полиглот»: тілдерді ойын арқылы үйрену сабақтары.

Бізге қосылыңыз! Жаңа мүмкіндіктер мен достар тауып, ой-өрісіңізді кеңейтіп, жазғы демалысыңызды «Кітапханадағы жазда» өткізіңіз!

Кіру тегін! Бірегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Жаз уақыты басталды. Демалыс, теңіз, саяхат, саяжай. Көп адам жазғы уақытын әрине, алдын-ала жоспарлап, керемет өткізуге тырысады. Осы орайда, біздің кітапхана осы демалыстың барлық түрін кітап арқылы ұсына алады. Сондықтан жылдағы дәстүрмен 6 маусымда қаламыздың тұрғындарына «Жазғы оқу қаласы» жобасын ресми ашып, өз оқырмандарымызды қуанттық. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кітапханадағы жаз» және «Жазғы оқу қаласы» бағдарламасының салтанатты ашылуы өтті. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға биыл ерекше мән беріледі, өйткені 2022 жыл Қазақстанда балалар жылы деп жарияланды.

23 маусым

Бүгін біздің кітапханаға қонаққа С.Сейфуллин атындағы гимназия мен «AZBUKA» шағын орталығының балалары келді.

Олар үшін «Қиял әлемі» шығармашылық алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра күні - ұлттың үні» атты танымдық сабақ өтті. Музыкалық аспапты жасаудың қыр-сырын домбыра жасау шебері Ержан Тұрсынов көрсетті. Балаларға арнап Жошы хан туралы аңызды мазмұндап, «Ақсақ құлан» мультфильмін көрсету барысында лирикалық дала әуендеріндегі домбыраның дыбысталу ерекшеліктері туралы айтты.

28 маусым

Бүгін «Кітаханадағы жаз» бағдарламасы аясында өтіп жатқан шараларға С.Сейфуллин атындағы  гимназияның бастауыш сынып оқушылары және балабақша балалары қатысты.

Олар үшін «Ертегілер еліне саяхат» шығармашылық алаңында «Әдеби дартс: қазақ ертегілері» танымдық ойыны өтті.

 

Ойын шарты бойынша балалар дартсқа дәл тигізу арқылы қазақ ертегілеріне және заманауи мультсериалдарға байланысты сұрақтарға жауап беріп тәтті сыйлықтарға ие болды. Әдеби дартс ойынның мақсаты балаларды қазақ ертегілерімен кеңінен таныстыру.