Ұлттық Домбыра күніне арналған,күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай «Күй анасы-Дина» атты бейне шолу.

Кітап сүйер қауым, бізде жаңа кітап! «Күміс кісе». Авторы Абзал Бөкен.

Бұл кітаптың тұсауы ақынның 75 жас мерейтойына арналған «Күн астынан күміс жамбы жаудырған» атты шығармашылық кешінде кесілген болатын. Сол кеште осы кітапқа қолымыз жетпей қалып еді. Абзал аға өзім кітапханаға әкеп берем деген уәдесінде тұрып, кітапханамызға сыйға тартты. Оқырманын қуантты.
Жалынды жырларымен оқыр¬мандарының жүрегіне елдік пен ерліктің дәнін еккен, қазақ поэ¬зиясында айшықты қолтаңбасы бар ақын Абзал Бөкеннің бұл кітабы Алматыдағы  «Ар» баспасынан басылып шықты.

Қайырлы күн, кітап сүйер қауым! «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана», - дейді Әбіш Кекілбаев. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Бүгін сіздердің назарларыңызға кітапхана қорымыздағы Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітап» атты бейнешолуын ұсынамыз.

9 ақпан күні кітапханамызда қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілету, жастарды өңірдегі және елдегі еңбек нарығындағы мүмкіндіктер мен қажеттіліктер туралы ақпараттандыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында «Кәсіп. Мамандық. Еңбек» атты ақпарат күні өтті.

Шараға Қарағанды қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының бас мамандары Азамат Жұбайханұлы Төрехан және Дәурен Исқанұлы Қошқарәлиев қатысты.

Бас маман А. Ж.Төрехан Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы, әлеуметтік маңызы жайлы айтып, Болашақ жұмыс орындарымен қамту және оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау  түрлерімен таныстырды.

Құрметті оқырман қауым  қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орны бар дүлдүл ақын, ХІХ ғасырда ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтаңгері Кемпірбай Бөгенбайұлының өмірі мен шығармашылығы арналған «Көңілден көкала үйрек хош деп ұшты...» жаңа кітаптың таныстырылымы өтеді.

Іс-шараға осы кітаптың құрастырушысы журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Балташұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі,  ардагер журналист Рымбек Смағұлов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, тау-кен саласының ардагері Жәпен Белгібаев жәнеК. Бөгенбайұлының ұрпақтары т. б. қатысады деп күтілуде.

Модератор Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің  тарих факультеті, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессор ассисенті, PhD докторы Смағұлов Нұртас Бірлікұлы.

Сіздерді 2024 жылдың 17 қазан күні сағат 11.00.-де кітапханада күтеміз.