2017 жыл Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің өтуімен есте қалды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі «Болашақ энергиясы» - әлемдік қауымдастықты толғандыратын энергияның баламалы көздері секілді ең өзекті тақырыпқа арналды. Осы ауқымды көрменің ашылу күні, «қалай бастау алды?», «жетістіктері қандай?», «ел экономикасына қандай әсері бар?» деген сұрақтарға жауап алғыңыз келсе «EXPO -2017»: Қазақстан мерейі» атты бейнепрезентациясын назарларыңызға ұсынамыз!

29-30 маусым күндері Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Нұра ауданының ОКЖ базасында «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» атты II аймақтық әдістемелік практикум өткізеді.

Практикум жұмысына қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің басшылары мен жетекші мамандары қатысады.
Әдістемелік практикумда кітапханалық қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізу, жаңа кітапханалық кеңістікті ұйымдастыруға ықпал ету мақсатында аймақ кітапханаларының инновациялық кәсіби идеялары, жобалары, шеберлік сынып сағаттары мен тәжірибелік кеңестері ұсынылады.

Практикум барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхана басшысының ақпараттық ресурстар бойынша орынбасары Н. Жолдыбалинов және журналист, медиаменеджер, «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жауапты редакторы Б. Құламан «Мобилография: оқырмандарды кітапханаға келуге шабыттандыратын мобильді контент» және «Әлеуметтік желідегі жеке бренд» тақырыптарында облыс кітапханашыларына тренинг өткізеді.

Бағдарлама

"KitapTime-2022" республикалық кітап фестивалінің

23 қыркүйек күні сағат 11.00-де академиялық музыкалық комедия театры алаңында Қарағанды облысының кітапханалары Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы жалпы республикалық "KitapTime-2022" кітап фестивалінің салтанатты ашылуына қатысады.

Фестивалдің мақсаты – кітап пен кітап оқуға деген қызығушылыққа қолдау көрсету, қоғамның мәдени құндылықтары мен зияткерлік потенциалын арттыру болып табылады.

Толығырақ...

23 қыркүйек күні сағат 11.00-де Қарағанды облысының кітапханалары Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге алғашқы жалпы республикалық «KitapTime-2022» кітап фестивалін өткізді.

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара көпшіліктің көңілінен шығып, нағыз Кітап мерекесіне айналды.

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры алаңына фестивальға қатысу үшін 150-ден астам адам жиналды. Мерекелік алаңды «Оқуға ұсынамыз!» атты Әдеби киіз үйлері, «Қасым Баспа Үйі» және «Cocobee» сауда дүкендері ұйымдастырған «Мені өзіңмен ала кет!» кітап шопингі алаңдары ажарландырды. Жиылған қауымға шеберлік сыныптар өткізіліп, суретке түсу алаңдары жұмыс жасады.

Толығырақ...

15 қыркүйек күні сағат 11.00 – 19.00 аралығында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап ғылыми кітапханасы алаңында Қазақстанның барлық өңірлерімен бірге Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған екінші жалпы республикалық «KitapTime-2023» кітап фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.

Фестивальдің мақсаты: кітап пен кітап оқуға деген қызығушылыққа қолдау көрсету, қоғамның мәдени құндылықтары мен зияткерлік потенциалын арттыру болып табылады.

Толығырақ...