17 шілде

Кітап патшалығы

17 шілдеде абонемент бөлімінің «Кітап патшалығы» алаңында балалардың жаз мезгілі туралы ұғымын кеңейту, жаз айларының ерекшелігін ұғындыру, жазғы табиғат өзгерістерін бақылап, әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету мақсатында «Жайдарлы жаз» суреттер байқауы өтті. Шара барысында кітапхана мамандары балаларға жаздың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі жайында айтып өтті.

Балалар сурет салуға барлық ынталарымен кірісті. Олар өздерінің қиялдары мен шеберліктерін көрсете отырып, жазғы табиғат көрінісіне арналған суреттерін салды. Әр бала жаз айын қандай көзбен көретінін аңғартты. Балалар салған суретте ашық аспан, жадыраған күн көзі, өзен-көл, жайқалған ағаштар, алаңсыз ойнап жүрген балаларды көрдік. Соңында әр бала өзінің салған суретімен таныстырып өтті.

Толығырақ...

"Күш атасы - Қажымұқан" Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл: библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. : Ұ.Ө. Жамауова. – Қарағанды, 2021

Әр халықтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдыздардай жайсаң ерлері бар. Олар – ел мақтанышына айналған көрнекті қайраткерлер, ғұлама ғалымдар, заңғар ақын-жазушылар, туған жерін жаудан қорғаған батырлар, өнер мен спорт саңлақтары... Сондай мақтан етіп, қадірлейтін, қазақ халқының қастерлі перзенттерінің бірі, алып күшімен әлемді дүбірлетіп өткен күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлы.

Қазақтың ұлттық өнерінің төресі, бойтұмары саналатын спорттың түрі ол -  балуандық. Ал, осы күрес өнері арқылы қазақты алғаш әлемге танытқан, дүниежүзінің 30-ға жуық елін аралап, 50-ден астам медаль жеңіп алған балуан – Қажымұқан Мұңайтпасұлының биыл 150 жылдық мерейтойы.

Ендеше, құрметті оқырмандар ұлттық тарихымызда ғана емес, әлемдік спорт тарихында да сирек ұшырасатын, ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып келе жатқан тумысы бөлек тарихи тұлғаның өмір жолы мен сан қырлы спорттағы жетістіктері жайлы танымды деректер жинақталған "Күш атасы – Қажымұқан" атты библиографиялық жадынаманы назарларыңызға ұсынамыз.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

Шығармашылық жолында еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген облыс жастарының жеткен жетістіктерімен таныса отырыңыздар.

Бүгін кітапханамызда алғашы «Объективте-Қарағанды» кітапханалық фотокросс байқауындағы суреттерден фото көрменің ашылу салтанаты өтті. Шығармашыл жастардың фотосуреттері арқылы қала тынысының демі ерекше есіліп тұр. Қаламыздағы ескерткіштер, субұрқақтар, саябақтары мен өзендердегі шешілуі тиіс өзекті мәселелерді суреттерден көруге болады. Фотокөрме маусым айының соңына дейін жалғасады. Келіп көзайым болыңыздар! Ерекше суреттер елең еткізер әсер береріне кәміл сенеміз!

Құрметті оқырмандар!

Бүгінде “Парасат” деп аталатын журналдың “Мәдениет және тұрмыс” деп аталғанын білесіздер ме? XX ғасырдың орта шенінен бастап күні бүгінге дейін еліміздің мәдениеті мен тұрмыс саласын көтеруге өзіндік үлесін қосып келе жатқан, қазақ баспасөз тарихында алар орны ерекше басылым жайлы толығырақ бейнероликте