Қазақтану ілімінің қара нары Ақселеу Сейдімбек жайында Әбдіраш Жарасқанның «Құлпытас» деген эпитафия кітабында мынадай эпиграмма жазыпты:

Бойы бар ерек көрінер!

Ойы бар зерек өрілер!

Жазушы,

әнші

һәм күйші,

саятшы,

ұста,

зергер...

Сөзіне сенсең – осындай,

өзіне сенсең – досыңдай.

Көкпарға түсіп кетпегей,

бәрінің басы қосылмай...

Иә, ол аз ғұмырында Алла тағала берген қабілеттің бәрінің басын біріктірді. Артында аңыз қалды.

Сөзі абызға, өмірі аңызға айналған Ақселеу Сейдімбекке арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафоны аясында «Естеліктегі Ақселеу» айдары бойынша 12 шілде күні кезекті онлайн кездесу өтті.

Толығырақ...

Гоголевка оқырмандарының НАЗАРЫНА!

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстықәмбебап ғылыми кітапханасы

2024 жылдың 16 наурыздан бастап жазғы жұмыс кестесіне көшеді –09.00-ден 19.00-ге дейін

Биыл жазушы, публицист, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Жайық Бектұровқа 110 жыл толып отыр. Осыған орай, Н.В.Гоголь атындағы ҚОӘҒК «Жайық Бектұров: жылдар және ойлар» атты диалог-көрмесін назарларыңызға ұсынады.

Жайық Кәгенұлы Бектұров - қазақ мәдениетіне зор еңбек сіңірген, халықтың рухани қамын жоқтаған тұлға, ол көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысы филиалында жетекшілік етті.

Толығырақ...