Биыл 2020 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында екі автордың шығармалары насихатталады.Ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы мен Шығыс ғұламасы Әбу – Насыр әл – Фарабидің 1150 жылдығына орай, жазушы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романдары таңдалды. Күллі әлемді мойындатқан қазақтан шыққан қайталанбас тұлғаларды насихаттау біздің азаматтық парызымыз болмақ.

Кітапханамыздың оқу залдары бөлімінде жыл бойына оқылатын «Әлем таныған жазушылар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: «Абай жолы» романы арқылы күллі қазақ елінің тарихы мен тұрмыс салтынан, қазақтың болмысынан және ақын өмірі мен шығармашылығын қалың оқырманға хабардар ету, сондай – ақ «Ұстаздың оралуы» романы арқылы Әбу – Насыр әл – Фарабидің өмірімен шығармашылығына жыл бойына шолу жасап, зерделеу болып табылады. Әлемге танылған тұлғалардың өмір жолдарына оқырмандармен талдау жасау біздің басты мақсатымыз болмақ.

Абай қазақтың бас ақыны, ойшыл, философ, аудармашы, композитор, ғұлама ғалым, кемеңгер тұлға. «Абай жолы» романы ұлы ақынның өмірін төрт нұсқада жіктеп қарастырады. Балалық шақтың қайтып келмес көктемімен, бозбала шақтың ұрын барып қыз айттыруы, ел басқару ісіңе араласуы, бас болар шақтың отағалық міндеттерімен, білім мен ғылым жолындағы ізденістері, жалғандық пен ақиқат жолындағы әділеттілік пен қарттық шақтың өсиет нақылдарына тоқталады. Бізге айтар игі ғибрат сөздерімен, бізден күтер үлкен үміттен хабар берері сөзсіз. Абайды тану қазақ елінің болмысын тану болып табылады.

Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романыңда әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз - Әбу –Насыр әл – Фарабидің өмірімен шығармашылығын баяндалған.

Жазушы шығармасында ғалымның өмір сапарын қаһарманның ой – толғаныстары, өткенге шолу, көрген білгенінен қорытынды жасауы түрінде қайта жандандырды.

Құрметті аса қадірменді кітап сүйер қауым, біздің көрмемізде 1976 жылы жарыққа шыққан Е. Жанпейісовтің «М. Әуезовтің Абай жолы эпопеясының тілі» эпопея тілінің көркемдік арналарын қарастырса, Ғ. Қабышұлының құрастыруымен шыққан «Әлем таныған Әнуар» жазушының туғаныңа 70 жыл толуына орай жазылған естеліктерден сыр шертеді. М. Әуезовтің «Абайтану дәрістерінің дерек көздері» ХХ ғасырдың ұлы туындысы «Абай жолы» эпопеясында абайтанудың негізін салу жолындағы ғылыми зерттеулер енгізілген. Сонымен қоса А. Алимжановтың «Дорога людей», «В разные годы», Мұхтар Әуезовтің қаламынан туындаған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» ақын шығармашылығын төрт нұсқада зерделенгені, толықтырылып жазылған. М. Атымовтың «Қазақ романдарының поэтикасы» атты кітабында қазіргі проза шеберлерінің өмір шындығын беру мен образ жасаудағы қол жеткен табыстары, сюжет пен композиция құрудағы шеберліктері, стильдік ізденістер жолы мен қазіргі роман жанрының даму тенденцияларын байыту жолдары баяндалады.

Шөлдеген көңілдің жан сарайын кітап арқылы емдейтін оқырман қауым! Сіздерді «Әлем таныған жазушылар» көрмесі қызықтырса, көңілге терең ой салатын кітап көрмемізге көзайым болыңыздар.

 

Мерзімді басылымдар секторы: Жаркеева Г.А.