[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/2020/gallery/seihen_2020 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында сағат 18.00-ден 22.00-ге дейінгі уақытта кітапханамыз кезекті «Кешкі P.S.» шарасын өткізді
«Кешкі P.S.» негізгі идеясы – оқуды насихаттау, еркін қарым-қатынасқа, шығармашылыққа және демалысқа арналған бос алаң жұмысын ұйымдастыру.
Бұл жолы көпшілік алдында өткен кездесуде болған белгілі қарағандылықтар да, жаңа есімдер де өз өнерлерін көрсетті. Кеште сазды әуен, өлеңді мәнерлеп оқу, шешендік өнер үлгілері көрсетілді, театралды көрініс ұйымдастырылып, психологиялық ойындар ұсынылды.
«Сенің аралың» шығармашылық студиясы – қарағандылық дарынды музыканттар, ақындар, суретшілер және өз қаласын сүйетін ерекше тұлғалар өздерінің әдеби-сазды композицияларымен өнер көрсетті.
{gallery}material/2020/gallery/seihen_2020{/gallery}
Тренер және сурдоаудармашы Дариға Ақбаева «Ишарат тілі бойынша шеберлік сағатын» өткізді. Шеберлік сағат қатысушылары ишарат тілін үйренуге қызығушылық танытып, дактильді әліппесі мен дактильді сөйлеу тілінің базалық сөз тіркестерін меңгеруге тырысты.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі және ерікті Ербол Ембергенов «Шетелде білім алу» жайында тренинг өткізді.
Кітапханалық кештің басты қаһармандарының бірі - сазсырнайымен саз әлемінің сай-саласында серуендеткен Сиязбек Ершіманұлы болды. Ол қазақтың әуендерін, Абайдың әндерін, әлемнің классикалық туындыларын, жастарға деп "Титаник" әуенін орындап берді. Сонымен қатар, жеті шекті гитарасымен келген Секен Дүйсемебеков атты өнерпазымыз әуелеген әнімен тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар кеш қонақтарыойын-сауық түрінде өтетін арқылы өзін-өзі тануға, өз ресурстарын белсендіруге, жаңа қасиеттерге ие болып, өзіне басқа көз-қараспен қарауға мүмкіндік тудыратын трансформациялық ойындар (т-ойындары) ойнады. Ойындар тізіміне психологиялық, зияткерлік және бизнес ойындар жатады.
Сондай-ақ, «N-band шығармашылық жобасы» музыканттар Павел мен Алена Нечаева қатысты, кәсіби жүргізушілермен «Мафия ойыны» және т.б. алаңдар ұйымдастырылды. Абонемент бөлімі өз оқырмандарына қызмет көрсетіп, қызықты кітаптарымен қауышты. Кеш бойы «Bilim ortalygy» қарым-қатынасқа арналған еркін аймағы жұмыс істеді.
Осы кешке келгендердің барлығы жақсы көңіл-күймен және жылы достық атмосферада жақсы уақыт өткізді. Кітапхана ұсынған шығармашылық алаңдар әлеуетті қатысушыларды қызықтырды және «Кешкі P.S.» аясында өздерінің шеберлік сағаттарын, тренингтерін, шығармашылық кездесулерін, кітап тұсау кесу рәсімін өткізуге ниеттерін білдірді.
Ендігі айдың үшінші жұмасында өтетін "Кешкі P.S." шарасы ұлттық Наурыз мерекесіне арналмақшы.