"Мәңгілік алау" жауынгерлік даңқ мемориал ансамблі (1975, Әлиханов көшесі) – жергілікті деңгейдегі ескерткіш
Фашистік Германияны құлату жеңісінің 30 жылдығы құрметіне тұрғызылған. «Батырлар жасасын» - мәрмәрға металлдан қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Етегінде доға тәріздес граниттен жасалған постаментте барлық батыр-қалалардың аттары жазылған. Алаңның ортасында «Мәңгілік алау». Екі жақ бүйіріндегі тіреуде «1941-1945ж.ж.» даталары жазылған. Бейнелеу және жазу жұмыстары шекіме (чеканка) әдісі бойынша мыспен орындалған. Оны мәңгілік алаудан бастау алатын Батырлар аллеясы Жеңіс паркіне қарай бойлап толықтырып тұрады, онда мемориалды тақталарға Ұлы Отан соғысынан оралмаған солдаттардың есімдері ойып жазылған.
Авторлары: мүсінші Ж. Молдабаев, сәулетші Н. Қойшыбеков.
Материал: мәрмәр және гранитпен қапталған бетон.
Дереккөз: www.karnasledie.kz