"Мәңгілік алау" жауынгерлік даңқ мемориал ансамблі (1975, Әлиханов көшесі) – жергілікті деңгейдегі ескерткіш

Фашистік Германияны құлату жеңісінің 30 жылдығы құрметіне тұрғызылған. «Батырлар жасасын» - мәрмәрға металлдан қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Етегінде доға тәріздес граниттен жасалған постаментте барлық батыр-қалалардың аттары жазылған. Алаңның ортасында «Мәңгілік алау». Екі жақ бүйіріндегі тіреуде «1941-1945ж.ж.» даталары жазылған. Бейнелеу және жазу жұмыстары шекіме (чеканка) әдісі бойынша мыспен орындалған. Оны мәңгілік алаудан  бастау алатын Батырлар аллеясы Жеңіс паркіне қарай бойлап толықтырып тұрады, онда мемориалды тақталарға Ұлы Отан соғысынан оралмаған солдаттардың есімдері ойып жазылған.

Авторлары: мүсінші Ж. Молдабаев, сәулетші Н. Қойшыбеков.

Материал: мәрмәр және гранитпен қапталған бетон.

Дереккөз: www.karnasledie.kz

"Кенші даңқы" монументі – жергілікті деңгейдегі монументті өнер ескерткіші (1974, Бұқар жырау даңғылы)

"Кенші даңқы" мүсінді-мемориалы Қарағанды, Теміртау кеншілерімен металлугтерінің, құрылысшыларының құрметіне, олардың ерен еңбектерінің құрметіне арналған еңбек даңқы гиміні болып есептеледі.

Мүсінші: А.П. Билык, сәулетші А. Малков

Материал: қола, гранит

Дереккөз:

  • www.karaganda.akimat.kz.
  • Иванина Н.И. Художник Билык // Билык А.  Жизнь в искусстве: творческо-биографический альбом. – Караганда,  2009. – С.65-76

Сарыарқа жерінде ескерткіштер, обелискілер мен көруге тұратын қызықты жерлер көп – www.karnasledie.kz. Олар біздің жерлестеріміздің қажырлы еңбектері туралы, әскери даңқтары туралы тарихи шындықты айтып патриоттық және тәрбиелік қуат береді. Тарихи және мәдени ескерткіштерді аудандастырып оларды қорғау жұмыстары ҚР-ның құқықтық-нормативтік актілерімен жүргізіледі. «Тарихи-мәдени мұралар нысаналарын қорғау және пайдалану» туралы ҚР Заңы 2.07.1992 ж. - www.online.zakon.kz, ҚР Үкіметінің қаулысы (21.03.2008. №279) республикалық деңгейдегі тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімін бекіту -  www.madenimura.kz, Қарағанды облысы әкімінің қаулысы (16.04.2010 ж. №11/03),  Қарағанды облысындағы жергілікті деңгейдегі тарихи және мәдени мемлекеттік тізімін бекіту - www.karaganda-region.kz.

Соңғы жылдары Қарағандының және Қарағанды облысының бейнесін жаңа ескерткіштермен бюстілер әрлендіруде:  Ғ. Мұстафиннің,  Жамбыл,  Ж.  Ақбаев,  В. Язев,  Г. Фоглер,  Н. Гогольдің бюстері және «Қобыз», «Сүйінші» сәндік мүсіндері.

Қарқаралы ауданында қазіргі заманауи мәдени-тарихи ескерткіштер – Батырлар аллеясы, Даңқ галереясы «Бәйтерек», ақын Мәди ескерткіші, Тәттімбет (Егіндібұлақта) ескерткіші, «Сарыарқа ұшқыштарына» арналған Мемориалды Даңқ кешені.

Қарағанды облысындағы ескерткіштермен обелискілер арасынан еңбек және әскери даңқ ескерткіштері, тарихи тұлғалар мен жазушылар, ғалымдарға арналған ескерткіштер ерекше көз тартады. Ескерткіштер, обелискілер, мемориалдар туралы қысқаша деректер Интернетте беріледі, егер Интернетте дерек жоқ болған жағдайда мүмкіндігіне қарай толық анықтама беріледі.

Кеңес Одағының Батыры Н. Әбдіровке ескерткіш (1967 ж. Н.Әбдіров атындағы даңғыл) ескерткіш республикалық деңгейде маңызды

Нүркен Әбдіров (1919-1942) әскери - шабуылшы,  ұшқыш. Қызыл әскер қатарына 1940 жылы шақырылған. Оренбург авиация училищесін 1942 жылы бітірген. Соғыста ер жүректілігімен ерекшеленген. 1942 жылдың желтоқсан айында әскери тапсырманы орындау кезінде өртке оранған самолетін жаудың әскери техникалық колоннасына бағыштап оны күл-талқан еткен. 1943 жылы қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 1958 жылы Қарағанды қаласының комсомолдары өздерінің қаржысына қала ортасынан Н.Әбдіровке ескерткіш орнатуды шешті. Ең жақсы жобаға конкурс жарияланды. Қарағандылық мүсіншілер Ю. Гуммель мен А. Билыктың жобалары жеңіске ие болды.

Кеңес Одағының Батыры Н.Әбдіров штурвалда тұрғаны бейнеленген.

Авторлары: мүсіншілер Ю. Гуммель, А.П. Билык, архитектор Л.Е. Воробьев.

Материал: қола, мәрмәр.

Дереккөз:

  • www.madenimura.kz
  • Иванина Н.И. Художник Билык // Билык А.  Жизнь в искусстве: творческо-биографический альбом. – Караганда,  2009. – С.65-76