Қасым Аманжоловқа ескерткіш (2011, Қыркүйек. Сәкен және Кривогуз көшелерінің қиылысындағы Қ. Аманжолов атындағы аллея)
Қасым Аманжолов (1911-1955) дарынды ақын – лирик, аудармашы, драматург. Ақын совет халқының Ұлы Отан соғысындағы ерліктерін жырлайды, ол қазақ поэзиясы әскери лириканы енгізіп негізін қалағандардың бірі. Пушкинді, Лермонтовты, Маяковскийді аударған белгілі аудармашы.
«Қ. Аманжоловтың поэзиясы ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиетке жарқын көрініс болды, оның шығармаларымен ұрпақ тәрбиеленіп өсті, олардың жүректерінде Отанға деген сүйіспеншілік жалындады. Ақынның құнды мұралары Қазақстан тәуелсіздігі сияқты мәңгі болады делінген ел басшысының мерекелік салтанатты жиынға қатысушыларға жолдауында.
Ақын соғыстан кейінгі жылдардағы модаға сәйкес костюмде, қолындағы жазба кітапшасын болашақ ұрпаққа мұра ретінде өсиет етіп тұр.
Қ. Аманжоловтың ескерткішіне белгіленген жерден тағдырдың белгісін көремін, өйткені күн түске дейін артына және бүйіріне, ал түстен кейін бетіне түседі – дейді мүсінші Жеңіс Молдабаев. Оның тағдыры да солай болған – тірі кезінде көлеңке болды. Тек өмірден өткен соң көп жылдан кейін лайықты бағаланды, мойындалды».
Автор: Ж. Молдабаев
Материал: қола, гранит
Жалпы биіктігі 7.8 м.
Дерекксөз:
- Балташұлы Е. Арқа алып ақынын ардақтады // Орталық Қазақстан. - 2011. - 10 қыркүйек (№ 149/150). - 1 б.
- Жунусова Г. Сын бескрайней степи //Литер. – 2011. -15 сентября
Евней Бөкетовке арналған ескерткіш (12 желтоқсан. 2006 жыл. Е. Бөкетов атындағы ҚарМУдың бас корпус алаңы)
Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925-1983) атақты ғалым, химия және халькоген технологиясының ғылыми негізін қалаушы, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің бірінші ректоры, академик КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ғылымның 80 жылдығына байланысты ескерткіш қою туралы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың шешімі қабылданған. Ескерткіштер мен монументтер туралы мемлекеттік комиссияның ұсынысы болған. Академиктің биік тұғырға тұрғызылған еңселі бейнесі әріптестері мен достарының есінде сақталған қалпында берілген. Өткен өмірді саралап болашаққа барлай қарап тұр. Қолымен кафедраға сүйеніп тұр. Сол қолында - кітап оның жазушылық еңбегін паш етіп тұрғандай.
Авторлар: мүсінші А. П. Билык, сәулетші С. Мордвинцев.
Материал: қола, қызыл гранит.
Дереккөз:
- Алпысұлы С. Академик Е.А. Бөкетовке ескерткіш орнатылды: [Е.А. Бөкетов ескерткішінің ашылу салтанаты] // Орталық Қазақстан. - 2006. - 14 желтоқсан. - 4 б.
- Көбеев Е. Жоғары білімнің қарашаңырағы: бүгін Қарағанды мемлекеттік университетінде академик Евней Бөкетовтың ескерткіші ашылды // Орталық Қазақстан. - 2006. - 12 желтоқсан. - 6, 10 б.
- Ни Н. Он был великим человеком:об открытии памятника // Индустриальная Караганда.- 2006- 14 декабря
- Караганда. Карагандинская область:Энциклопедия.-Алматы, 2008-с.183
- Иванина Н.И. Художник Билык / /Билык А.Жизнь в искусстве: Творческо-биографический альбом.-Караганда, 2009. - с.65-76
Абай Құнанбаевқа ескерткіш (желтоқсан, 2008, Қарағанды қаласы, "Шалқыма" концерттік гүл бағы)
Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақ халқының Ұлы ақыны, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі. Абай Құнанбаев ескерткіші Қазақстан суретшілер одағының Қарағанды облыстық көркем-өндірстік комбинатында құйылған.
Автор: мүсінші А. Нартов, суретші Е. Шахиев.
Материал: қола, гранит.
Ескерткіштің жалпы биіктігі – 9,9 м.
- Өндірісі өрлеген,рухы төрлеген өңір // Орталық Қазақстан.- 2008 - 10 желтоқсан
- "Пусть будут мир, согласие и дружба" // Индустриальная Караганда. – 2008 -10 декабря
Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш (1 қазан 2011 жыл, Қарағанды қаласы вокзал жанындағы алаң)
Қ. И. Сәтпаев (1899-1964), көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ірі ғалым, ұйымдастырушы. Қазақстан Ғылым академиясының бірінші Президенті. Қарағанды облысында Сәтпаев атындағы қала бар және еліміздің көптеген қалаларында ғылыми мекемелер, көшелер мен мектептер және құрылысын өзі қолдаған Ертіс-Қарағанды каналы оның атымен аталады. Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясында жаратылыстану ғылымы бойынша Қ. И. Сәтпаев атындағы премья тағайындалған. Сәтпаев деп аталатын әдемі минералдың бар екені ғалымдарға мәлім. Ғарышта күнді айналып жүретін кіші планета да өз атын Сәтбаевтың құрметіне алған.
Сәтбаев бейнесі бір сәт тоқтап, белгіленген мақсатты көруге ұмтылған түрде мәнерлі бейнеленген. Ғалымның қолындағы карта жаңа кен орнын тауып нұрланған кезін айқындайды. Тұлғаның ұлылығын сәл шалқайған басындағы дала желімен толқыған шашы айқындай түседі.
Авторлар: мүсінші Д. Досмағамбетов және О. Прокопьев.
Материал: қола, қызыл гранит.
Композицияның жалпы биіктігі 14 метр, оның ішінде қоладан құйылған ескерткіштің өз биіктігі – 5,4 метр.
Дереккөз:
- Балташұлы Е. Алаш академиясының атасы Арқа төріне орнықты: тәуелсіздік тартулары // Орталық Қазақстан. - 2011. - 22 қазан (№ 174/175). - 1 б.
- Мягких О. Ученый, мыслитель, современник: Открытие памятника // Индустриальная Караганда.- 2011- 22 октября
- www.karaganda-region.kz
Бұқар-Жырау Қалқаманұлына ескерткіш (маусым, 2008. Қарағанды қаласы. Бұхар-Жырау даңғылы)
Бұқар-Жырау Қалқаманұлы (1643-1787), сурыпсалма-ақын, жырау, идеолог-ақын, Абылай ханның кеңесшісі Бұхар-Жыраудың өмірі мен шығармашылық жолы Сарыарқамен тығыз байланысты. Ақын-жыраудың туғаны, балалық шағы, өмірбаяны, өлгені туралы деректер жоқ. Алайда халық арасында сақталған аңызға сүйенген кейбір ғалымдар Бұқар-Жырау Бұхара маңында туған, сондықтан оның осы қаланың құрметіне қойылған деп тұжырымдайды.
Бұқар-Жыраудың шығармалары бізге философиялық - дидактикалық өлең түрінде жетті. Автор ақынның сол қолында домбыра, оң қолында таспиқ ұстаған бейнесін берген. Ол халықтың тағдыры туралы ой үстінде айбынды бейнесі.
Автор: Ж. Молдабаев
Материал: қола, гранит
Жалпы биіктігі -6,5м
Дереккөз:
- Баба ескерткішін ашты // Орталық Қазақстан. - 2008. - 3 шілде (№103) . - 1 б.
- Сбродова С. Здравствуй, Бухар-жырау! // Взгляд на события - 2008 - 25 июня
1 бет. Барлығы: 4
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- Алға
- Аяқ жағына