Қазақ халқының атақты ұлы: Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл = Славный сын казахского народа: Ильясу Жансугурову – 125 лет : библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б. Ш. Куртбаева, А. К. Исина. – Қарағанды, 2019
"Қазақ поэзиясының Құлагері" деп мойындалған, ақын, тамаша прозаик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері, өнертанушы. Оқырманның қиялына поэзия арқылы қанат бітірген, ұлттық өнерді насихаттауға барынша күшін салған - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 2019 жылдың 1 мамырында 125 жыл толады.
Қазақ Сәкен, Ілияс, Бейімбет үшеуін бөле-жармай, "Үш бәйтерек" деп, тұтас атаған, төбесіне көтерген.
Ілияс Жансүгіров қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы болды.
Осы атаулы күнге орай Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Қазақ халқының атақты ұлы" атты библиографиялық жадынама құрастырды.
Қазақстан Республикасының 2020 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Н.О.Искакова. – Қарағанды, 2019. – 27 б.
Жыл сайын Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық - библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының ұмытылмас, тарихи күндеріне арналған күнтізбе шығарады.
Осы күнтізбеде елімізге танымал ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің 2020 жылы аталып өтілетін мерейтойлы даталары қамтылған.
Басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кәсіби мерекелері күндері енгізілген. Құрастырушы мерейтойлы даталарды атап өтуде өзіндік көмегін тигізеді деген мақсатта Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК қорынан табылатын әдебиеттер тізімін де ұсынған.
Күні мен айы белгісіз айтулы даталар бөлек беріліп, оларға да әдебиеттер тізімі жасалған.
Күнтізбе материалы әр айға бөлініп, онда жалпы тізім бойынша орналастырылған.
Күнтізбе қазақ және орыс тілдерінде шығады.
Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.
Жинақ Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырысымен жарық көрді.
Жинаққа Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазыбек Нұржановтың өмірі мен ерлігі жайында мақалалар мен өлеңдер топтастырылған. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен өткен «Өшпес ерлік» атты облыстық жыр мүшәйрасының қатысушыларының өлеңдері енген.
Жыр жинақ жалпы оқырман қауымға арналған.
Қазақтың қос қыраны
Қазақ ежелден ақыны батырын, батыры ақынын қастер тұтқан халық.
Тарихи замандарда ақыны батыр боп, батыры ақын боп та туған.
Бұл даңғайыр дәстүр қазіргі заманауи әдебиетте сан қырлы призмасымен кеңістігімізге нұр-шырай үстеп келеді. Жазу өнерінде батырлар тұлғасы қолына қалам алған әр талапкердің ерекше жақын тартар тақырыбының бірі болуы керек. Тегің мен тарихың, ұлтыңның тағдыры мен барар бағыты жекелеген тұлғалардың қадамы арқылы жасалады.
Сәкен тірі! Қазақтай елі барда... = «Сакен жив, когда есть казахский народ!...» : Жинақ / Құраст. С. Телпекбаева. – Қарағанды: Идиллия, 2019. - 264 б.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр жариялаған "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жалғасы және жастарға арналған ұлттық бағдарламалардың жаңа бөлімі. Тарихты қайта қарау, халықтың өткенін тұтас қабылдау арқылы қазақстандықтардың, ең алдымен, өмірдің барлық салаларына белсенді қатысуға және қоғамның дамуына, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді талап ететін жастар арасында жаңа бейнесін қалыптастырады.
Биылғы жарияланған "Жастар жылының" аясында өткізілген шығармашылық байқаулар өміріне қаламды серік етуге бел буған кейінгі толқынға үлкен серпін бергені хақ. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғаларының бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған эссе жазу байқауы – соның айқын айғағы. Сәкен Сейфуллиннің өмірі, қызметі, шығармашылығы негізінде жастарды қазақ әдебиетінің тарихын, көркем поэзияны терең сүю, білу, зерттеу рухында тәрбиелеу – бұл байқаудың негізгі мақсаты.
2019 жылы жалпы халықтық оқу үшін республикалық "Бір ел – бір кітап" акциясының ұйымдастыру комитетінің шешімімен қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаевтің "Аңыздың ақыры" романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдап алынды. Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. "Сыр елі-жыр елі" атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек. Әбділда Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Шын жүректен", "Ғашық жүректер", аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Талантқа бай Сыр елінің саңылақ ұлы – Әбділда Тәжібаевтің қазақ әдебиетінің ғана емес мәдениетінентде, орнықты орын алатыны баршамызға белгілі.