Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған "Алыптар тобындағы" ірі ақын, көрнекті суреткер және драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 2019 жылдың 15 қарашасында 125 жыл толып отыр.
Бейімбет Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық, шығармалары біздің бүгінгі сөз өнерімізге қосылған қымбат қазына. Оның көркем шығармалары халық арасына кең тараған. Әдебиетіміздің барлық жанрындағы шұрайлы шығармалары оның жомарт дарыны мен жаңашылдық ізденімпаздығының жемісі. Жазушының әдеби мұрасы - халқымыздың аса бағалы мәдени игілігі, әлі талай ұрпақтың қызыға оқитын рухани қазынасы.
Тарихқа жанасу : тың игерудің 65 жылдығы = Прикосновение к истории : к 65 летию начала освоения целины : библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. И. С. Иссык, Н. О. Искакова, Б. Ш. Куртбаева – Қарағанды, 2018
ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңестік елдерде, соның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны КСРО ғана емес, бүкіл дүние жүзінің ауыл шаруашылығында орын алған үлкен серпіннің бірі болатын. Осыдан тура 65 жыл бұрын орманы жайқалған, өзен-көлге бай, аң-құсы сайран салған еліміздің солтүстігіне жаппай соқа түсе бастады.
Алты онжылдықты артқа тастаған осы бір тарихи кезең туралы аз жазылған жоқ. Осы тақырыпқа бізде қалам тербеп отырмыз. Тың эпопеясы еліміздің экономикалық әлеуетін көтеріп, ауылдардың еңсесін түзеп, жастардың еңбекке деген құлшынысын, жігерін арттырды.
2019 жылы Қазақстандағы тыңның игерілгеніне 65-жыл толып отыр. Әр жылдары тың игеру тарихы жайында жарық көрген кітаптар мен баспасөз беттеріне жарияланған мақалаларды негізге ала отырып, Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облысының әмбебап - ғылыми кітапханасы сіздерге «Тарихпен жанасу» библиографиялық жадынаманы ұсынып отыр.
Библиографиялық жадынама қазақ және орыс тілдерінде әріптік ретпен ұсынылған. Жадынама еліміздің тарихына қызығатын әрбір оқырманға қызықты әрі пайдалы.
Қазақстан Республикасының 2020 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер күнтізбесі / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Н.О.Искакова. – Қарағанды, 2019. – 27 б.
Жыл сайын Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық - библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының ұмытылмас, тарихи күндеріне арналған күнтізбе шығарады.
Осы күнтізбеде елімізге танымал ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің 2020 жылы аталып өтілетін мерейтойлы даталары қамтылған.
Басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кәсіби мерекелері күндері енгізілген. Құрастырушы мерейтойлы даталарды атап өтуде өзіндік көмегін тигізеді деген мақсатта Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК қорынан табылатын әдебиеттер тізімін де ұсынған.
Күні мен айы белгісіз айтулы даталар бөлек беріліп, оларға да әдебиеттер тізімі жасалған.
Күнтізбе материалы әр айға бөлініп, онда жалпы тізім бойынша орналастырылған.
Күнтізбе қазақ және орыс тілдерінде шығады.
Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.
Қазақ халқының атақты ұлы: Ілияс Жансүгіровтің туғанына – 125 жыл = Славный сын казахского народа: Ильясу Жансугурову – 125 лет : библиографиялық жадынама/ Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б. Ш. Куртбаева, А. К. Исина. – Қарағанды, 2019
"Қазақ поэзиясының Құлагері" деп мойындалған, ақын, тамаша прозаик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері, өнертанушы. Оқырманның қиялына поэзия арқылы қанат бітірген, ұлттық өнерді насихаттауға барынша күшін салған - Ілияс Жансүгіровтің туғанына 2019 жылдың 1 мамырында 125 жыл толады.
Қазақ Сәкен, Ілияс, Бейімбет үшеуін бөле-жармай, "Үш бәйтерек" деп, тұтас атаған, төбесіне көтерген.
Ілияс Жансүгіров қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы болды.
Осы атаулы күнге орай Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Қазақ халқының атақты ұлы" атты библиографиялық жадынама құрастырды.
Сәкен тірі! Қазақтай елі барда... = «Сакен жив, когда есть казахский народ!...» : Жинақ / Құраст. С. Телпекбаева. – Қарағанды: Идиллия, 2019. - 264 б.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр жариялаған "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жалғасы және жастарға арналған ұлттық бағдарламалардың жаңа бөлімі. Тарихты қайта қарау, халықтың өткенін тұтас қабылдау арқылы қазақстандықтардың, ең алдымен, өмірдің барлық салаларына белсенді қатысуға және қоғамның дамуына, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді талап ететін жастар арасында жаңа бейнесін қалыптастырады.
Биылғы жарияланған "Жастар жылының" аясында өткізілген шығармашылық байқаулар өміріне қаламды серік етуге бел буған кейінгі толқынға үлкен серпін бергені хақ. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғаларының бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған эссе жазу байқауы – соның айқын айғағы. Сәкен Сейфуллиннің өмірі, қызметі, шығармашылығы негізінде жастарды қазақ әдебиетінің тарихын, көркем поэзияны терең сүю, білу, зерттеу рухында тәрбиелеу – бұл байқаудың негізгі мақсаты.