Алаш зиялысы, заңгер, қоғам қайраткері, құқық магистрі Жақып Ақбаевтың 145 жылдығына арналған «Қазақтың тұңғыш заңгері» атты әдеби бейне шолуын ұсынамыз. Тарихи тұлғаларымыз жайлы білуге асығыңыздар!

Қазақтың қаламгері Бельгер деген...: жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгердің 90 жылдығына арналған библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Г.С. Мухамбетчина. – Қарағанды, 2024. – 14 б.

«Герольд Бельгер – қазақ әдебиетіндегі теңдессіз құбылыс».

Шыңғыс Айтматов

Ұлты неміс болса да, халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тарихын жетік меңгерген көрнекті жазушы, публицист, зерттеуші, сыншы, аудармашы Герольд Карлович Бельгердің туғанына биыл 90 жыл. Саналы ғұмырында «Қазақтың қуанышы – менің қуанышым, қазақтың тойы – менің тойым», – деп туған жеріне, өскен ортасына, қабырғалы қазақ еліне адал қызмет етті. Қазақтың қайғысы үшін қабырғасы қайысып, қуанышынан қуаттанған Гер аға көзі тірісінде алпысқа жуық кітап, «Гете мен Абай», «Асылға абай болайық!» сияқты екі мыңға тарта мақала және көркем әңгіме жазды. Қазақтың тілі, мәдениеті, өнері, бірлік, ұлтаралық ымыраластық туралы қалдырған қадау-қадау қағидалары қаны неміс болса да, жүрегі «қазақ» деп соққан жазушының бітім-болмысын өзгелерден даралап, ақиқаттың жаршысына айналдырғаны бек шындық. Қазақтың шын жанашырының ел алдындағы адал еңбегі мен азаматтық ұстанымы кезінде сый-құрметке бөленді, қазақ топырағын мекендеген түрлі ұлттар әдебиетінің көкжиегін кеңейткен шығармалары қазіргі таңда да әділ бағаланып жүр.

Библиографиялық жадынамаға қаламгердің өмірбаяны және ол туралы жазылған әдебиеттер мен мақалалар тізімі енгізілді.

Библиографиялық жадынама студенттерге, зерттеушілерге, өлкетанушыларға, әдебиетті сүйетін көпшілік оқырманға арналған.

Оқырмандар назарына!

Кітапханада геолог-ғалым, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Қарағанды өңірінің колледж студенттерінің арасында «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ» атты облыстық зияткерлік ойын өтеді.

Ойынның ЕРЕЖЕСІМЕН таныс болыңыздар!

Қазақтың Қанышы. Дәл осындай атаумен Қарағанды өңірінің колледж студенттерінің арасында облыстық зияткерлік ойыны өтті.Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  ұйытқы болған сайысзаңғар ғалым, дара дарын, бірегей құбылыс, қазақ халқының маңдайына біткен асыл перзенттерінің бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылды.Ондағы мақсат – жастарды ғылым-білімге ынталандыра отырып, академик Қ. И. Сәтбаевтың өмір жолы және қайраткерлік қызметімен жақынырақ таныстыру, насихаттау, дәріптеу, жастардың шығармашылық потенциалдарын ашып көрсету және өз отанының тарихына деген танымдық қызығушылығын арттыру, кітап оқуды алға жылжыту.

Ойынға 4 қатысушыдан құралған барлығы 5 команда қатысып, өзара бәсекеге түсті. Олар Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің «Жалын» тобы, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Форт» тобы, А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің «Ер Едіге» тобы, Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің «Алау» тобы, Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің «Bolashaqqa qadam» тобы.

Игі шара кітапхана басшысы А.С.Шаймуханбетованың құттықтау сөзімен басталды.

Толығырақ...

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасын, халық мұрасын тірнектеп жинап, хаттап қағазға түсіріп, рухани әлеміміздің ұмытылмауына өлшеусіз үлес қосып кеткен шығармашыл тұлғаның бірегейі – Ақселеу Сейдімбек.

Кітапханамызда жерлесіміздің 80 жылдық мерейтойына арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафон аясындағы «Қазына қалдырған қаламгер» аттымектеп, колледж мұғалімдерінің арасында ашық тәжірибе алмасу алаңы өтті.

Толығырақ...