Кітапханамызда 20 қазан күні Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жылдығына арналған жастарға мол мұрасын насихаттау мақсатында «Шерхан Мұртаза – дәуірдің шынайы суретшісі» атты тарихи - әдеби кеш өтті.
Кеш қонақтары Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Ж.Б. Шәкәрімқызы Шерхан Мұртазаның балалық шағы, өскен ортасы, қызмет жолы, шығармашылығы, аудармалары туралы әңгімелеп, жазушының өмір жолына, шығармаларының ерекшелігіне, қоғамдық өмірден алынған тілі көркем суреттелген шығармалары айтылды.
Құрметті оқырман, сіздердің назарларыңызға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Шуақ шашқан мереке» атты бейне шолуымызды ұсынамыз.
Достар!
Қарқаралының ежелгі тарихымен, ғажайып табиғатымен, бар ғұмырын қазақ өлеңіне арнаған Қасымның туған жері мен дауылпаз жырларымен жүздесу мүмкіндігін, құштарлық пен жарқын эмоциялар әлеміне ену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығына арналған Қарағанды жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өтетін «ШЫҚШЫ ТАУҒА, ҚАРАШЫ КЕҢ ДАЛАҢА...» атты өлкетанулық экспедиция ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
Өлкетанулық экспедиция 2024 жылдың қазан айының 10-11 күні Қарқаралы ауданында өтеді.
Шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен іске асады.
Іс-шараның мақсаты: Жастарды дауылпаз ақынның өскен ортасын, тарихын таныстыру арқылы тарихи жерлермен тығыз байланыстыру. Белсенді және шығармашыл жастардың тың идеялары арқылы, еліміздің жарқын жетістіктерін танымал ету, шығармашылық жолдарын айқындап, насихаттау, кітап оқуды алға жылжыту.
Экспедиция Қарағанды – Қарқаралы - Қасым ауылы – Сарыобалы – Қарқаралы – Қарағандытуристік маршрут бойынша іске асады.
Позитивті эмоциялар мен шабыттың қызықты әлеміне ену мүмкіндігіне ие болған жастарымыз Қарқаралының ежелгі тарихымен, ғажайып табиғатымен және бар ғұмырын қазақ өлеңіне арнаған Қасымның туған жері мен дауылпаз жырларымен жүздесіп қайтты.
Қасым Аманжолов – қазақ рухының алтын діңгегі. Қасымтануға өз үлесін қосып келе жатқан кітапхананың дәстүрлі Қасым Аманжолов оқулары шығармашыл жастар арасында кеңінен танымал. Осы жоба аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «ШЫҚШЫ ТАУҒА, ҚАРАШЫ КЕҢ ДАЛАҢА...» атты өлкетанулық экспедиция өз мәресіне жетті.
Экспедиция Қарағанды – Қарқаралы - Қасым ауылы – Сарыобалы – Қарқаралы – Қарағандытуристік маршрут бойынша іске асты. Шараға қатысқан Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің «Dayul», Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-нің «Сағынов жастары», Қарағанды медицина университетінің «Күретамыр», Қазтұтынуодағы ҚарУ-нің «Бірлік», «Bolashaq» академиясының «Жауһар» топтарының өте жауапкершілікпен даярланғаны, өз өмірлерін техникамен байланыстырған жастардың әдебиетке деген құлшыныстары баршамызды бір серпілтіп тастады.
Осы топтарға әділ бағасын берген қазылар алқасы құрамында жазушы, республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы (қазылар алқасының төрағасы) Серік Сағынтай, Қ. Байжанов атындағы КБ-тің әншісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Сырым Хордин және Қасым Аманжолов ауылдық округі әкімі Ербол Исатайұлы Жоламан болды.