Біздің кітапхана Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне орай «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы аясында «Кітапханалық терапия» акциясын ұйымдастырды.
Иә, кітап - жанға шипа, көңілге медет. Сондықтан да біз «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының №1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ кітапханасына қазақстандық авторлардың қазақ, орыс тілдеріндегі қызықты шығармаларын және «Қасым» Республикалық әдеби-қоғамдық журналын сыйға тарттық.
Сыйымызды қабыл алыңыздар!
2021 жылдың 6 сәуір күні "Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылым кітапханасы" КММ Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен танымал журналист, публицист, аудармашы Марал Хасеннің шығармашылығына арналған "Қаламгер мұрасы" атты 7 томдық таңдамалы шығармалар жинағының таныстырылымы өтті. Шара онлайн форматта ZOOM платформасында ұйымдастырылды.
Марал Хасен еліне, жеріне еңбегі сіңген, ойы терең, тілі бай журналист, публицист, әзіл-сықақтың майталманы, өзінің тілін құрметтеп, өзгенің тілін шебер меңгеріп, қазақтың көркем сөзін басқаларға таныта білген аудармашы, есімі көпшілік оқырман қауымға кеңінен танымал. Өткір ойлы, биік парасат-пайымды, терең зейін-зерделі, шын жүректен туындаған еңбектері халықтың қарапайым, ұғынықты тілімен жазылғандықтан әркез оқырман жүрегіне жол тапқан.
Қаламы қарымды жазушы:жазушы Әкім Таразидің 90 жылдығына арналған библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Г.С.Мухамбетчина. – Қарағанды, 2023. –15 б.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург, кинодраматург Әкім Тарази бүгінде мерейлі 90 жасқа толуда.
Қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков пікіріне сүйенсек, Әкім Тарази – ақиқатты бүкпесіз, ашық айтудан айнымаған, жалтақтауды, жалпақтауды білмейтін, дақпыртты, даурыққанды, желпініп - желіккенді жақтырмайтын, өзімен-өзі оңаша болғанды ұнататын; шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер. Жамбылдың қызыл жолбарысы секілді көзге көрінбейтін, күндіз-түні қорғап жүретін, қия бастырмайтын, үнемі қамшылап отыратын Бүлкілбайы бар жазушы.
Ол – уақыт шежірешісі, асыл сөздің ұстасы, ұлтының мақтанышы, заңғар жазушы, елінің көрнекті қайраткері. Уақыт озады, дәуір өзгереді, бірақ мұндай адамдар халқымен бірге жасай береді.
Жадынамада ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қазақ және орыс тілдерінде шығармалары, ол туралы кітаптар, мақалалар тізімі берілген. Бұл жадынама Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорындағы материалдары бойынша жасалған.
Көпшілік оқырман қауымға арналған.
Биыл заманымыздың заңғар жазушысы, академик, драматург, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы.
Осыған орай кітапханамызда 27 қыркүйек күні Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының артында қалған мол мұрасын зерделеп, шығармашылығын кеңінен насихаттау, заңғар жазушыны құрметтеуге, елін жерін, әдебиетті сүюге тәрбиелеу мақсатында «Қара сөздің хас шебері» атты әдеби - сазды кеш өтті.
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен Шет ауданы, Талды ауылындағы «Қаражартас» қорымына экпедициясына кітапханамыздың қызметкерлері барып, қайтты.
Сапар барысында Мұртты қорған, «Көктерек», «Қаражартас 2, Пирамида, Талды 1, Талды 2 қорымы, Ақбауыр қорымы, Ақкезең қонысы, Бада қорымына барып, олардың шығу тарихы мен зерттелу кезеңдері жайлы тың деректермен танысты.