Кітапханадағы негізгі кітапханаішілік құжаттама

Жалпы

Кітапхана жарғысы Жанаарқа ОҚЖ.

ОКЖ туралы ереже

ОК туралы ереже

Ауылдық кітапхана туралы ереже

Модельді кітапхана туралы ереже

Аудандық, ауылдық, модельді кітапханаларды пайдалану  ережесі

Кітапхана қызметкерінің лауазымдық нұсқауы

Ішкі еңбек тәртібінің ережесі

Кітапхананың  жұмыс тәртібінің кестесі

Материалдық жауапкершілік

Жұмыстың жылдық және айлық жоспары

Өткен жылдың жұмысына талдау

Кітапхана төлқұжаты

Күнделік

Бақылау көрсеткіштері

Түгендеу кітабы

Кітапхананың кітап қорын тексеру. Оны қалай ұйымдастыру керек?

КБЖ кестесінің негізгі құрылымдары

Қорды қалыптастыру стандарттары:

ГОСТ 7.70-96 «Деректер базасы мен машинада оқылатын ақпараттық массивтер сипаттамасы. Мінездемелер құрамы мен белгіленуі».

ГОСТ 7.73-96 «Ақпаратты іздеу мен тарату. Терминдер мен анықтамалар».

ГОСТ 7.74-96 «Ақпаратты іздеу тілдері. Терминдер мен анықтамалар»

ГОСТ 7.76-96 «Құжаттар қорын толықтыру. Библиографиялау. Катологиизация. Терминдер мен анықтамалар».

ГОСТ 7.1-2003 «Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар мен кұру тәртібі».2004 жылдың шілдесінен бастап жаңа мемлекетаралық «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен кұру тәртібі»атты ГОСТ 7.1-2003 кіргізілді.

ГОСТ 7.82-2001 «Библиографиялық жазба. Электорндық ресурстардың библиографиялық сипаттамасы».

ГОСТ 7.59-2003 «Құжаттарды индекстеу. Жүйелеу мен пәндеуге арналған жалпы талаптар».

Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету

Анықтамалық-библиографиялық аппарат (АБА) – бұл дәстүрлі және электронды анықтама библиографиялық басылымдардың, кітапхана қорын және оқырмандарға қызмет көрсетуді ашуда пайдаланатын кітапханалық каталогтардың жиынтығы. Ол кітапхананың барлық қызметінің негізі болып табылады, және оқырмандар сұранысының жедел, толық және нақты  қанағаттандырылуы оның тиімді ұйымдастырылуына байланысты.

АБА негізгі элементтері:

Каталогтар жүйесі;

Библиографиялық картотекалар жүйесі;

Анықтамалық және библиографиялық басылымдар қоры;

Жарияланбаған библиографиялық құралдар қоры

Каталогтар жүйесі. Кітапханаларда көбінесе бір-бірін толықтыратын екі каталог қолданылады: алфавиттік және жүйелік.

Библиографиялық картотекалар жүйесі - анықтамалық– библиографиялық аппараттың маңызды бөлігі. Библиографиялық картотекалар мерзімді басылымдардың, жалғасты басылымдар мен жинақтардың қорын қолма-қол көрсетеді, шығарманың мазмұның әртүрлі аспектілерде ашады, жаңа шығармалардың басылғанын хабарлайды. Картотекалар кітапхананың каталогтарына және библиографиялық құралдарына маңызды қосымша болып табылады. Кітапхананың құрастырған библиографиялық картотекаларының түрлері әр алуан. Журналдар мен газеттер мақалаларының жалпы жүйелі картотекасы, өлкетанулық картотека, екі - үш тақырыптық картотекалар мінетті болып табылады.

Анықтамалық және библиографиялық басылымдар қоры құрамына әдетте ресми құжаттар кіреді, олар негізінен сөздіктер, анықтамалықтар, әр жақты және салалық энциклопедиялар, библиографиялық басылымдар, кітап және газет мақалаларының жылнамалары, статистикалық жинақтар, күнтізбелер, қанатты сөздер, мақал мен мәтелдер жинағы т.б.

Жарияланбаған библиографиялық құралдар қоры – бұл АБА бөлігі, анықтама-библиографиялық қызмет көрсету процесіндегі орындалған жазбаша анықтамалардың түпнұсқалары немесе көшірмелерінен тұратын, сондай-ақ, қолжазбада қалған библиографиялық құрал және басқа кітапханалардан айырбастап алынған ұқсас материалдар.

Каталогтар жүйесі. Каталогтар, картотека және деректер базасының тізімімен сипаттамасы. 

Кітапханалық каталог – бұл кітапханалық қордың құрамын немесе мазмұнын ашатын бір немесе бірнеше кітапханалар қорында бар құжаттардың библиографиялық жазбаларының тізімі. Форма жағынан каталогтар карточкалы Каталог, баспалы каталог(кітап түрінде), блоккарточкалы каталог (блокнот немесе альбом түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы болғандықтан, карточкалы каталог көп тараған.

Әліпби (Алфавиттік) каталогі – кітапханалық каталог, мұнда библиографиялық жазбалар авторлар аты (фамилиясы) немесе құжаттар атауы әліпби ретпен орналастырылған. Әліпбилік каталог ең алдымен кітапхананың ішкі жұмысына қажет, бірақ сондай-ақ, міндетті түрде оқырмандардың пайдалануына да беріледі. Әліпбилік каталогтың көмегімен, кітапханада белгілі бір кітаптың және қандай басылымдарда бар екенін; сол немесе басқа автордың қандай кітаптары қорда берілгенін анықтауға болады. Кітапхана-филиалдарда әліпбилік каталог есептік каталогтың қызметін атқарады. Әліпбилік каталогта карточкалар жалпы әліпби жүйесімен орналастырылады. Көмекші сөздер жеке сөздер ретінде қарастырылады. Кітаптың бірінші сөздері, атымен жазылған болса, сәйкес келеді, екінші, үшінші және т.б. сөздері ескерілуі керек. Фамилиялары бірдей авторлардың кітаптарын сипаттағанда алфавитпен аты-жөні бойынша орналастырылады. Бір автордың шығармасын сипаттағанда «авторлық жиынтықта» орналастырылады (Авторлық жиынтық 11 бетте көрсетілген). Кітапханаға түскен әрбір кітаптың каталогтық карточкасы болады (алфавиттік және жүйелік каталогтар үшін). Әліпбилік каталогтар үшін карточкалардың өзгеше ерекшеліктері ол – карточканың екінші бетінде түгендеу нөмірінің бары. Карточкалар кітаптан алынып авторлық белгісіне сәйкес каталогқа құйылады. Кітапхана-филиалдарда әліпбилік каталогтан карточкалар әдебиеттер есептен шығарылған соң алып тасталады. Бұл жұмыс ОКЖ-нің есептік каталогында, әдебиет есептен шығарылғаннан кейін акті бойынша жүргізіледі (есептен шығаруды толықтыру бөлімі жүргізеді).

Жүйелі каталог - бiлiм салалары бойынша, белгiлi бiр  жүйелі жіктелумен орналасқан, жіктеу таблицасы бойынша құрылған библиографиялық жазбалар. Жүйелі каталог оқырмандардың пайдалануына арналған. Жүйелі каталог кітапханада қандай білім саласы бойынша басылымдардың, және ғылым мен техника саласы бойынша қандай кітаптар бар екенің білуге мүмкіндік береді. Жүйелі каталог үшін карточкалар кітапханаға кітаппен бірге түседі және КБЖ индексімен сәйкес орналастырылады.

Картотекалар редакциясы – олардың мазмұны мен сұлбасы міндетті. Мазмұнын редакциялауды тұрақты түрде жүргізіп тұру керек. Картотекалардағы карточкалардың сақталу қоры – 5 жыл (өлкетанулық картотеканы қоспағанда). Басылымдардың тым ескілері, құжаттың бірегей тақырыбына байланысты іріктеліп сақталады.

Газет және журнал мақалаларының жүйелі картотекасы – құрылымы бойынша жүйелі каталогқа ұқсас. Бірақ ойланбай баспа карточкаларында қойылған индексті қолдануға болмайды,себебі бұл индекстер көп жағдайда тура емес. Сондықтан картотекаға үнемі тематикалық және пәндік тарау енгізіледі.Газет және журнал мақалаларының жүйелі картотекасында (ГМК) мемлекеттік және саяси қайраткерлер, ғалымдар, суретшілер, жазушылар, композиторлар, актерлердің өмірі мен қызметі жайлы материалдар жиналған. Бұл бөлімдер өз алдына «дербес ұя» болып саналады және мұнда тұлға бойынша жинақталған материалдар әліпби ретімен, бірақ сәйкес бөлімдерде орналастырылады. Егер көп карточка жиналып қалса, онда оларды жеке өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтарға топтастырып және арнайы бөлгіштермен бөледі.

Тақырыптық картотека - белгілі бір тақырып бойынша құжаттарды көрсететін картотека. Тақырыптық карточкалардың ерекшеліктері олардың өзектілігінде, әртүрлі баспа шығармаларын шапшаң насихаттау мүмкіндігінде. Тақырыптық картотекада анықтамалық сипаттамалар елеулі рөл атқарады, сондай-ақ, шығарманың мазмұның ашып қана қоймай, әртүрлі авторлардың бір тақырыпты қарастыру ерекшеліктерін көрсетеді.

Өлкетанулық картотекакітапхана қорында болмасада, өлкетанулық сипаттағы құжаттарды көрсететін арнайы картотека, материалды топтастыру бойынша бұл картотека жүйелі болып табылады. Жүйелеуге «Кітапхананың өлкетанулық каталогтары үшін кестесі» қолданылады.

Көркем шығармалар атауларының картотекасы. – тез арада сол ма немесе басқа шығарманың авторының фамилиясын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы картотека. Әр картотеканың карточкасында шығарманың аты, оның жанры, автордың фамилиясы мен аты жөні, шифрі көрсетіледі. Карточкалар шығарманың атымен алфавиттік ретте қойылады.

 Анықтамалық және библиографиялық басылымдар қоры. Қордың құрамы мен толықтығы, кітапхананың библиографиялық жұмысты қандай көлемде орындайтындығымен, қандай топтағы оқырмандарға қызмет көрсететіндігімен шартталған. Ақпараттық қордың құрамына әдетте ресми құжаттар, энциклопедиялар және энциклопедиялық сөздіктер, анықтамалықтар, статистикалық жинақтар, күнтізбелер, қанатты сөздер жинағы, мақал-мәтелдер, библиографиялық құралдар кіреді.

Библиографиялық анықтамалардың түрлері. Мәліметтердің мазмұнына қарай анықтамалар библиографиялық және нақтылық (фактические), ал орындалуы түрлеріне байланысты – ауызша және жазбаша болып бөлінеді.

Библиографиялық анықтамалар – бұл баспа шығармалары туралы мәлімет. Библиографиялық анықтамалар мазмұны мен сипаты жағынан әр түрлі. Кітапхана тәжірибесінде ең жиі орындалатын анықтамалар олар, тақырыптық анықтамалар, библиографиялық деректерді нақтылау анықтамалары және кітапхана қорында өздеріне қажет шығарманың бары туралы.

Нақтылық анықтамасы нақты факті жайлы мәліметтерді, мысалы бір адамның өмірі мен қызметінің мерзімін, бір мекеменің мекенжайы мен тура атауын және т.б. қамтиды.

Ауызша анықтамалар әдеттегідей,жедел, оқырмандар қатысып отырғанда немесе телефон арқылы орындалады.

Жазбаша анықтамалар көбінесе күрделі сұраныстарға жауап береді, сондықтан мұндай анықтамаларды орындау мерзімі, сұранысты қабылдаған кезде келісілед

Ақпараттық қызмет көрсету – ақпараттық мекеме қызметінің негізгі екі түрінің бірі (біріншісі – ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық ресурстардың жиынтығын құру – ақпараттық қордың, ДБ түрінде анықтамалық аппарат, каталогтар және т.б. ақпараттық қызмет көрсету пайдаланушылардың құжаттарға және ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін кітапхананың қызметі). Ақпараттық қызмет көрсетудің мақсаты – жалпы – ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру.

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Ақпараттық мәдениеттің қалыптасуыотбасында басталады, оған БАҚ, мектеп, ЖОО қосылып, кейіннен ол өмір бойы жалғасып отырады. Ақпараттық мәдениет ұғымын адамға қажетті ақпараттық ортада еркін бейімделуіне жағдай жасайтын ақпараттық дайындық деңгейі деп қана емес, сонымен қатар сол ақпараттық ортаның қалыптасуы мен өзгеруіне ат салысу ретінде түсіну керек.