«Бақылау көрсеткіштері» ауылдық кітапханалардың жылдық есептерінің маңызды бөлімі болып табылады. (II бөлім). Осы бөлімді жоспарлауда, әсіресе кітапхананың өткен жылғы нәтижелерін білу маңызды. Оқырмандар санын жоспарлағанда бұрын тіркелген оқырмандарды ескеріп, ересектер мен мектеп жасындағы балалардың жалпы санына сүйену керек. Ауылдық кітапхана сол елді мекенде тұратын барлық отбасыны қамту қажет.

Абсолюттік бақылау көрсеткіштері

Оқырмандар есебі кітапхана қызметін пайдаланатын оқырмандар санын көрсетеді. Есеп бірлігі ретінде оқырман формулярлары алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 300-ден 500 адамға дейін болу керек (тұратын халықтың саны ескерілуі қажет).

Кітап берілімі есебі оқырмандар оқыған баспасөз өнімдерінің санын көрсетеді.Берілімнің есеп негізі ретінде оқырман формулярында жазылған жазбалар алынады. Берілім бірлігі ретінде кітаптар мен брошюралар, қалың журналдар үшін - дана, ал газеттер мен жұқа түпті журналдар үшін – жинақ саны алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 8 мыңнан 10 мыңға дейін құжат берілімі болу керек.

Келушілер есебі кітапханаға бір күн ішінде келген, күнделікті оқырмандар формулярын санау арқылы жүргізіледі. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі.

Көпшілік жұмыстар есебі кітапханада ұйымдастырылатын кітап көрмелерінің, түрлі кештер мен конференциялардың, шолу, әңгімелердің, ауызша журналдар жиынтығынан тұрады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі.

Салыстырмалы бақылау көрсеткіштер

Оқылымдық бір жыл ішінде бір оқырманға берілген кітаптардың орташа саны. Бір жыл ішінде берілген кітап санын оқырмандар санына бөлу арқылы есептеледі.

  • Кітап берілімі
  • Оқырмандар саны

Оптималды көрсеткіш  - 22-24. Біздің облыс бойынша – 21,9

Келушілік бір жыл ішінде бір оқырманға келетін келімдердің орташа саны.Бұл көрсеткіш оқырманның кітапханаға белсенді келгенің сипаттайды. Бір жыл ішінде келушілер санын оқырмандар санына бөлу арқылы есептеледі.

  • Келім саны
  • Оқырмандар саны

Оптималды көрсеткіш – 8-11 бір жылда келуі. Біздің облыс бойынша – 11,2

Кітап қорының айналымы кітапқорын пайдалану дәрежесін сипаттайды. Бір жыл ішінде берілген кітап берілімін жыл аяғындағы кітапханада бар кітаптың санына бөлу арқылы есептеледі.

  • Кітап берілімі
  • Кітап қоры саны

Оптималды көрсеткіш 2-ге тең. Облыс бойынша – 1,4

Кітаппен қамтамасыз етілуі тіркелгенбір оқырманға келетін кітаптың орташа саны. Кітаппен қамтамасыз етілу оқырмандар санына қатысты кітап қорының көлемін, яғни, жеткіліктілігін сипаттайды. Жыл аяғындағы кітапханада бар кітап санын оқырман санына бөлу арқылы есептеледі.

  • Кітап қоры саны                                   кітап қоры саны
  • Тұрғындар саны                                   оқырмандар саны

Бір оқырманның кітаппен қамтамасыз етілуі – 10-12 кітапты құруы керек.

Бір тұрғынның кітаппен қамтамасыз етілуі – 5-7 кітапты құруы керек.

Қорды жаңарту – кітапхана қорын жүйе ретінде анықтайтын, қорды ақпараттық мазмұны, құжаттардың түріне және басқа да параметрлер бойынша жаңа жағдайға келтіретін процесс. Қазіргі заманғы ақпараттық мазмұнды жаңа құжаттар қорға келіп түскенде, ондағы ескірген басылымдар есептен шығарылады. Бұл процесс толықтыру процессі сияқты шектеусіз. Қордың толық жаңару уақытын анықтау үшін келесі жаңару дәрежесі көрсеткіші қолданылады:

Н% =

             Фпt

х  100%

Фо   +  Фпt  -  Ф иt

Н%  - жаңару дәрежесі.

Фпt - «t» мерзімі ішінде (1 жыл) түскен құжаттар саны. (Мысалы 1000 дана)

Ф иt - «t» мерзім ішінде есептен шығарылған басылымдар саны (Мысалы 500 дана)

Фо - «t» мерзім басындағы қор көлемі ( Мысалы 10 000 дана)

Осылайша, Н=1000/10000+1000-500) = 0,9 немесе 9%. Яғни, қор жыл сайын 9% жаңарады. Оның толық жаңаруы үшін 11-12 жыл керек.

Н%   –  1 жыл

100% –  Х жыл

 

9%    –  1 жыл

100% – Х жыл

Халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді қамтудың пайызы оқырмандар санын тұрғындар санына бөлу жолымен және оны 100%-ға кеміту арқылы есептеледі.

Қамту %

Оқырмандар саны

х  100%

Тұрғындар саны