Түгендеу кітабы кітапханақорын есептейтін негізгі құжат болып табылады. Онда құжаттардың жеке есебі жүргізіледі.
Түгендеу кітабы міндетті түрде түптеліп және тігілген, ал беттері нөмірленген болу керек. Түгендеу кітабының аяқ жағында келесі нысан бойынша куәландыратын жазба болуы керек: «Бұл мүлік кітабында (санын көрсету керек) нөмірленген және тігілген беттер бар, қол қойылып және мөр басылып куәландырылған. Күні. қолы, мөр». Куәландыру жазбасын ОКЖ директоры жасайды.
Түгенделуге тиісті кітаптардың әрбір данасы түгендеу кітабының бір жолына жазылады және тек өзіне ғана тиесілі жеке түгендеу нөмірін алады. Бұл нөмір сонымен қатар кітаптың титул парағына және 17 бетке түбіне қатар қойылуы керек.
Түгендеу кітабына жазу үшін кітап туралы мәлімет әдеттегідей, мұқабадан немесе баспалық түптемеден емес, титул парағынан алынады.
Бір кітаптың бірнеше данасын қатар «Түгендеу нөмірі» мен «Бағасы» бағандарынан басқа барлық бағандарға жазу барысында, тырнақшалар қойылады. Кітаптың бағасы бар жағдайларда көрсетіледі.
Брошюралар мен мерзімді басылымдарға түгендеу нөмірі берілмегендіктен, олар түгендеу кітабына есепке алынбайды.
Кітапханадан шығарылған кітаптарға 2 данада акт құрастырылады. Актінің бір данасы баланстан шығарып тастау үшін бухгалтерге беріледі, екіншісі – кітап түгендеу кітабынан алынып тасталғаннан соң, кітаптың есептен шығарылғанын айғақтайтын құжат ретінде тігіліп кітапханада үнемі сақталуы тиіс.
Түгендеу кітабының «Шығарылу туралы белгі» бағанында актінің нөмірі мен күні көрсетіледі. Шығарылған кітаптардан түгендеу нөмірі мен бағасы сызылып тасталады.
Қорды тексеру туралы мәліметтер арнайы бағанда белгіленеді.
Түгендеу кітабындағы жазбалар, басқа да барлық есеп кітаптары мен құжаттардағы жазбалар тәрізді мұқият, анық етіп, міндетті түрде сиямен жазылу керек. Тазалап өшіруге болмайды. Қатені түзету «Ескерту» бағанында ескеріліп және кітапханашының қолы қойылып куәландырылуы керек. Сондай-ақ негізгі құжатқа қосымшасы бар болса ол да «Ескерту» бағанында көрсетіледі. Егер жазылған кітапқа, мысалы, СD мен DVD дискілер немесе басқа да өздігінен қолдануға мүмкіндігі бар ілеспелі құжаттар тіркелсе. Сонымен қатар жазылған кітаптың ерекшелігін көрсету қажет, егер ол бағалы немесе сирек құжат болса (бірегей түптелген, маргиналды). Егер құжатта ақау болса, онда ол да осы бағанда көрсетілуі тиіс.
Түгендеу кітабын жоюға болмайды оны әрдайым сақтап қояды. Сақталған түгендеу кітаптары толтырылған рет бойынша нөмірленіп және мұқабасында «Басталды ____ (жылы, айы), бітті ____ (жылы, айы) көрсетілуі керек.