22 сәуірде кітапханада «Кітапханалардың қызметін жаңғырту» атты облыстық семинар гибрид форматта өтті.
Отырысқа Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық мәдениет және өнер бөлімінің маманы Е. Теплюк, онлайн форматында Астана қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Г. Мадибаева (Яндекс. Телемост платформасында) және облыстық кітапханалардың басшылары, қалалық, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшыларымен әдіскерлері қатысты.
Семинар барысында Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында кітапханаларды заман талабына сай жаңғырту, тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы атап өткен мәселелері қарастырылып, талқыланды.