Облыстық "Кітапхана оқу, даму, демалу және қарым-қатынасқа арналған кеңістік ретінде" семинары
2020 жылдың 23 қазан күні Н.В.Гоголь ат. ОӘҒК мамандары облыстық, қалалық және аудандық кітапханалардың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мамандарына ZOOM платформасында "Кітапхана оқу, даму, демалу және қарым-қатынасқа арналған кеңістік ретінде"" атты облыстық семинарын өткізді.
Семинарда карантин кезеңіндегі онлайн қызмет көрсету, балалар кітапханасының заманауи бейнесі, оқырман аудиториясының ақпараттық қажеттіліктерін зерттеу мәселелері талқыланды. Офлайн және онлайн форматтағы жұмыстың жаңа және тиімді түрлері; коворкинг орталықтарының қызметі; Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Сүйер ұлың болса, сен сүй..." жобасының мультимедиялық таныстырылымы ұсынылды.