23-24 маусым күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» атты І аймақтық әдістемелік практикумы өтті. Аталмыш шара Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана базасында өтіп, кәсіби кездесудің ерекше үлгісі болды.
Практикумның мақсаты – аймақтағы ақпараттық-библиографиялық қызметтің жағдайына талдау жасау, аймақта халыққа қызмет көрсетудің біріңғай заманауи кітапханалық-библиографиялық жүйені қалыптастыруға ықпал ету, пандемиядан кейінгі кезеңде даму векторын айқындау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.