«Жаңа технологияларды дамытудағы басқару шешімдері»
облыстық семинар-практикум
Мақсаты: жаңа технологияларды дамытуда қарастырылатын мәселелерді шешуге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау.
ОКЖ директорлары «Креатида» интернет-компаниясының web-сайттарын құру, қолдау мен талдау бойынша кәсіби кеңестер алып, кітапхана сайттарының тиімділігін бағалау мен талдау бойынша жұмыстан тәжірибе алмасып, «РАБИС» АЖО (АРМ) проблемалық сұрақтарын, лицензиялық бағдарламаларды сатып алу және есептеуді қарастырды. Семинарда Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің білікті маманы Н.Ә.Рақымова келелі кеңестер берді.
Тәжірибелік жағдайлық міндеттерді шешу және талдау теоретикалық білімді бекітіп, қажетті дағдыны тудыруға мүмкіндік берді. Келесі ұсыныстар қабылданды: серверлер, желілік құралдар сатып алу және жергілікті желілерді демонтаждау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лицензиялаудың тиімді саясаты, сайт құру, ЭК дамыту.