2022 жылдың  14-15 сәуір күндері кітапханада кәсіптік оқыту Мектебі аясында ауыл кітапханашыларына арналған  «Мамандықты меңгеру» атты облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – арнайы кітапханалық білімі жоқ кітапханашыларды кәсіби қызметке бейімдеу.

Облыстық семинарға арнайы ауыл кітапханашылары шақырылды.

Кітапханалық кәсіби білімді шыңдау мақсатында семинар бағдарламасы бірнеше бағыттарды қамтыды.

14 сәуірде кітапханамыздың бөлім басшылары: «Кітапхана қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар. Кітапхана статистикасының көрсеткіштері» тақырыбында кеңес жүргізді. Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру қызметі бойынша «Кітапхана қорлары: есепке алу және есептен шығару» атты баяндамасы ұсынылды. Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша «Оқырмандардың түрлі санаттарымен жұмыс істеу ерекшеліктері» жайлы таныстырылды. Ал, өлкетану жұмысының құжаттарын жинақтау және оны насихаттау туралы «Кітапханадағы өлкетану жұмысы» тақырыбында кеңес берілді.

Сондай-ақ, облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің мамандары: кітапханадағы қызығушылық клуб пен шығармашылық үйірмелерін ұйымдастыру әдістерімен және әлеуметтік желілерде кітапхананың ресми парақшасын жүйелі рәсімдеу туралы практикалық жұмыс жүргізді.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларына «Көріңіз, үйреніңіз, жұмыста қолданыңыз» атты ОӘҒК бөлімдеріне кәсіби тур ұйымдастырылды.

Тур барысында киіз басудың жаңа технологиясы бойынша шеберлік сағаты, «сөйлейтін қалам» технологиясы негізінде әзірленген басылымдармен таныстырылымы,  «Өз өлкеңді танисың ба?» интеллектуалды ойыны, «Join the Travel» Kahoot платформасында викторина, «Мәңгілік қазына» сирек және құнды кітаптарға шолу, «Ақпаратты іздеу алгоритмі» практикалық кеңесі ұсынылды.

Іс-шара соңында кітапхана басшысы Д.Б. Аманжолова барлық кітапханашыларға «Қатысушы сертификатын» табыстады. Семинардың бірінші күні Абай атындағы облыстық балалар кітапханасына экскурсиямен аяқталды.

Семинардың екінші күні яғни, 15 сәуірде Теміртау қаласының орталық кітапханасына іс-сапармен жалғасты. Ауыл кітапханашылары орталық кітапхананың қызмет барысымен танысты. Қалалық кітапхананың қызметкерлері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, кітапханашыларды сергіту мақсатымен қалада орналасқан «Қысқы бақ» кешенді саябағына экскурсия жүргізілді.