1941-1945 жылдардағы соғыста  ерлермен иық тіресе жүріп, ерлік көрсеткен қазақстандық нәзік жанды аруларымыз жайында әлі де ашылмай, зерттелмей жатқан тұстары бар. Ол – сұрапыл шайқастарда ерлермен қатар соғысқан қыз-келіншектер тағдыры... Олар игерген әскери мамандықтар...

Осы тақырыпта кітапханада қарағандылық запастағы полиция полковнигі Қанат Кареновтің сыйға тартқан «Қарлығаштар оралар ма = Когда вернутся ласточки» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Толығырақ...

Балаларға базарлық!

Назарларыңызға "Қарлығаш пен дәуіт" ертегісін ұсынамыз.

31 мамырда  еліміз - саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін атап өтеді. Қазақ ұлтының асылдарын жойып, тұтас халықтарды туған жерінен бездірген адамзатқа қарсы жасалған ең қорқынышты қылмыстың бірі – «Үлкен Терор» ешқашан ұмтылмайды. Сол кезеңдегі зұлматжылдар тарихы көңіліңізді алаңдатып, тарих көшінетағы бір назар салғыңыз келсе, «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты бейнепрезентациясын ұсынамыз!

Қасым қазақтың ұлы ақындарының бірі ретінде ұлттық поэзия тарихында мәңгіге қалды. Бейнелеп айтсақ, қазақ деген халықтың өз елінің құрылуына тарихта "Қасқа жолды" Қасым ханның үлесі қандай болса, қазақ поэзиясы тарихындағы Қасым ақынның алар орны да сондай.

Қазір де Қасым сөзі тозған жоқ, Қасым өлеңі ескірген жоқ. Қасым уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ, Қасым – сол баяғы бір Қасым.

Толығырақ...

Өнер дейтін ұлы құдіретке бас иіп, өлең дейтін қасиетті ұғымды қастерлейтін жыр сүйер қауымды Қасым жырлары тағы да асқақтатты.

Өздеріңізге белгілі Қарағанды облыстық мәслихатының шешімімен Кривогуз көшесі қазақ поэзиясының көрнекті қайраткері, ақын Қасым Аманжоловтың құрметіне берілген болатын. Бұл көшенің атауы ақын есіміне берілгені біз үшін үлкен мәртебе. Осыған орай, 2021 жылдың 5 мамыр күні  Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен біздің кітапхана дауылпаз ақын, жерлесіміз Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жылдығына орай «Қасым көшесінде...» насихат акциясын ұйымдастырды.

Толығырақ...