Кітапхананың көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету секторы қаламыздың №27 орта мектебінің 4-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның шығармашылығына арналған «Балаларға тарту» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Шараның мақсаты – оқушыларға танымдық бейне презентация арқылы жазушының шығармашылығымен таныстыру, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы жайлы ақпарат беру, балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, әңгімелеу арқылы сөйлеу шеберліктерін қалыптастыру.
Құрметті оқырман, назарларыңызға "Балақай, кітаппен дос бол!" атты бейне әңгімемізді ұсынамыз. Баламыздың кітап оқуына ықпал жасап, қолдау көрсетейік.
Құрметті оқырмандар, назарларыңызға ұлт жанашыры, жазушы, ақын Кәрім Жұмабекұлы Сауғабайдың 80 жылдық мерейтойына арналған «Балқантауын бақытына балаған ақын» атты әдеби бейнешолуын ұсынамыз.
«Адамды адам еткен – кітап,
адамзат еткен – кітапхана»
Әбіш Кекілбаев
Қарағанды облыстық Н.Гоголь атындағы әмбебап кітапханасы 2022 жылдың 12-13 қазанында Ашық есік күнін жариялады. Біз «Барлығына ашық кітапхана» ұранмен әрқашан қалада немесе одан тыс жерлерде тұратын барлық жастағы, әртүрлі әлеуметтік ортадағы оқырмандарға ашықпыз.
Дәстүр бойынша кітапхана оқу жылының басында бірінші кезекте жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттеріне, жалпы білім беретін мектептер мен гимназиялардың жоғары сынып оқушыларына есігін айқара ашып, оларды Ашық есік күніне шақырады. Сонымен қатар, Ашық есік күніне қаланың барлық тұрғындары әлеуметтік желілердегі Афиша арқылы шақырылды.
Акцияның мақсаты - кітапхана оқырмандарының аясын кеңейту, кітапхананың сервистік және ақпараттық қызметтерімен таныстыру, кітапхананың оң имиджін қалыптастыру.
Жыл сайын 1 желтоқсанда әлемдік қоғамдастық Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнін атап өтеді. 1988 жылы жарияланған бұл күн денсаулық сақтаудың алғашқы халықаралық танылған күні болды. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні АИВ/ЖИТС эпидемияның жаһандық таралуын тоқтату қажеттілігін еске салады.
Бүкіл әлем бойынша көптеген мемлекеттік, қоғамдық және денсаулық сақтау ұйымдары бұл күні білім беру және диагностикалық шаралар өткізеді. 1 желтоқсан күні кітапханамыздың Американдық бұрышында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған «Басты қатер – ЖИТС=СПИД – главная опасность» атты тренинг өтті.