2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. “Отбасы күніне” орай кітапханада ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз! Отбасы, махаббат және адалдық күні баршаңызға мықты және мінсіз отбасылық қарым-қатынас тілейміз!

2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда дәстүрлі түрде Отбасы күні атап өтіледі.

Қазақстандағы Отбасы күнінің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау және елдегі руханилықты нығайту.

Барлық уақытта "отбасы" ұғымы, ең алдымен, бізді тәрбиелейтін, сүюге, әлемге қызығушылық танытуға, басқаларға сенуге үйрететін адамдар туралы идеяны білдіріп келеді. Қазіргі қоғамда да "отбасы" ұғымы өзгерген жоқ. Бұл дегеніміз, отбасы қазіргі адам өміріндегі ең маңызды іргелі құндылық болып қала береді. Ол әрқашан мәдени және рухани дәстүрлердің сақтаушысы мен қамқоршысы болып қала бермек.

Толығырақ...

Қымбатты достар!

Абонемент бөлімі «Оқы! Ұсыныс жаса! Талқыла!» оқырмандар марафонының басталуы туралы жариялайды. Марафон 21 қазаннан 21 қарашаға дейін өткізіледі. Кітапты сүйіп оқитын әрі жаңа, беймәлім дүниелерді тануға асық жан болсаңыз, біліміңізді сынап, марафонға қатысуға шақырамыз.

«Оқы! Ұсыныс жаса! Талқыла!» оқырмандар марафонын ұйымдастыстыру және өткізу бойынша ереже.

Жазушы деген қазақ халқы үшін тек көркем сөзден ой кестелеген шебер ғана емес, халқының мақтанышы, адалдық пен әділдіктің  нышаны. Қазақ әдебиетінде өз орнын алған жазушы Қапан Сатыбалдиннің тұтас бір кезеңдегі әдеби даму үрдісінен көз жазбай, қол үзбей еңбектенген сезімтал, сергек, қажырлы қаламгер.

Өмірінің кейінгі кезеңінде Қ.Сатыбалдин драматургия саласына ойысып, ұзақ жылдар бойы театр сахналарына табыспен қойылған драмалық туындыларды жазады. Оның «Аягөз Ару», «Махаббат машақаты», «Қынаптан суырылған қылыш», «Қабаған ит», т.б. драмалық туындылары көрермен тарапынан оң бағаға ие болған.

Бүгін кітапханамызда артына рухани мұра етіп қалдырған Қапан шығармаларын, әке алдындағы перзенттік борышым деген ниетпен Мәскеу қаласында тұратын үлкен қызы Наркес Қапанқызы Сатыбалдинаның құрастыруымен Мәскеу қаласы «Высшее образование и Наука» баспасынан жарық көрген «Аягөз ару» = «Красавица Аягоз» кітабының таныстырылымы өтті.

Толығырақ...

Қазақ руханиятынан өзіндік орынын ойып тұрып алған белгілі журналист, шежіреші, этнограф - жазушы, өлкетанушы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төрехан Майбастың 70 жылдық мерейтойы аясында өңірімізде қаламгердің шығармашылығына арналған мәдениет, білім беру мекемелерінде рухани іс-шаралар өз деңгейінде өтіп жатыр. Осындай игі шара жалғасы ретінде сөз өнерінің жілігін шағып, майын ішкен Төрехан Әкімжанұлының Алматы қаласының «Алгорифм» баспасынан 500 данамен жарыққа шыққан «Алжыған ғасыр» кітабының таныстырылымы өтті.

Рухани кештің беташар сөзін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Е.М. Нелдібаев ашып, жазушының 70 жас мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты.

Толығырақ...