2021 жылы «ADALDYQ ALANY» жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанынан «Парасат жолы» өңірлік орталықтары ашылды. Орталықтарды ашудың мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Парасат жолы» орталығында мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық, адалдық идеологиясын насихаттау мақсатында мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең сұхбат арқылы ел көңілінен шығатын көкейтесті мәселелер талқыланады. Зиялы қауым өкілдерімен кездесулер, сұхбаттар мен тікелей эфирлер ұйымдастырылады.