Құрметті оқырман! Аты аңызға айналған жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл бейнелеу өнерінде" атты иллюстрацияланған экспозицияны назарларыңызға ұсынамыз.

Биылғы жылы ұлы ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Ж. Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Жыршы көзі тірісінде 1936 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты атанған. Мерейлі мейрамның қарсаңында кітапхана төрімізде "Жамбылдың жыр жиһаны" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрмеге абыз жыраудың сирек және құнды кітаптары топтастырылып, шығармашылығы мен өміріне негізделген еңбектер қойылды.

Толығырақ...

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Осыған орай, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өлкетанушы, Қарағанды технология және сервис колледжінің директоры Жұмағали Диярұлы Мағзидың «Тарих таразы» атты кітабының тұсаукесерін ұйымдастырып, Достық үйінде салтанатты  рәсімін өткізді.

Толығырақ...

2021 жылдың 20 сәуір күні кітапханамызда "Жапанға біткен бәйтерек" атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.

Кітап қазақ күресі мен самбоның майталман бапкері, ФИЛА орденінің иегері, КСРО дене шынықтыру және спорт ісінің үздігі, халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, 20-дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 200-ден аса спорт шеберін баптаған ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диқанбай Биткөзовтің тағылымды жолына, азаматтық тұлғасына арналған. Қалың оқырманға ұсынылған құнды дүниенің авторы заң саласының қызметкері Айнұр Диханбайқызы, әдеби нұсқасын жазған Қыдырбек Рысбек. Кітап "Мағжан" баспасында көркемделіп жарыққа шықты. Кітап спорт тақырыбында жазылған сирек кітаптар қатарында.

Толығырақ...

Мемлекет басшысы Қ.-Ж.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауларында - жастарды жан-жақты қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылатынын және халықтың үміті мен ұмтылысы әрдайым өскелең ұрпақпен байланысты болатынын, сондықтан жастардың тиісті тәрбие алуына, білімі мен дағдысына ерекше баса назар аударатындығын тілге тиек етті.  Мемлекет басшысы Қазақстандағы  жастар, Қазақстан халқының болашақ игілігі мен үміті екені түсіне отырып, жастарды қаржыландырумен қамтамасыз ететін дамыту бағдарламаларын әзірледі.

1998 жылғы 8-12 тамызда Лиссабонда өткен Жастар ісі жөніндегі министрлердің, дүниежүзілік конференциясының ұсынысы бойынша - 1999 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен күн, яғни 12 тамыз - Халықаралық Жастар күні біздің республикамыздағы жыл сайын атап өтілетін елеулі оқиға болып табылады. Алғаш рет Халықаралық Жастар күні 2000 жылдың 12 тамызында атап өтілді.

Толығырақ...