Қадірлі достар!

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қарағанды облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Сен деп жырлаймын, Қазақстан!" атты жастардың поэтикалық баттлын өткізеді.

Баттлға қатысуға Қарағанды жоғары оқу орындарының поэзия клубтары мен әдеби бірлестіктерінің студенттері шақырылады.

Поэтикалық баттл 2021 жылғы 9 желтоқсанда өтеді.

Өнерпаз жастарымызды осы байқауға қатысуға шақырамыз!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жастардың «Сен деп жырлаймын, Қазақстан!» поэтикалық баттлын өткізу туралы ЕРЕЖЕ