Фильтр
  • Құрметті оқырман және барша қала тұрғындары!

    Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық əмбебап ғылыми кітапханасы мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының біріккен жобасы – "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубының ашылуы.

  • 2015 жылы 15 қазан күні  Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қабырғасында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен қазақ және әлем мәдениетінің көрнекті қайраткері, ұлы ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған "Дананың сөзі – ақылдың көзі" атты ең үздік кітапханалық блог облыстық байқауының қорытындысы жарияланды.

  • Құрметті оқырмандар!

    Кітапханамызда «Кешірім күндері» акциясы өтуде!

    Егер Сіз не сіздің досыңыз, таныс-білісіңіз кітапханамыздан кітап алып, қандай да бір себептермен уақытылы тапсырмаған болса, - Сіздер үшін үлкен мүмкіндік. Қазан айының 5-31 аралығында ешқандай айыппұлсыз алған кітаптарыңызды тапсырыңыздар.

    ...
  • Поэзия - десе елеңдеп тұратын аса мәртебелі әдебиет жанашырлары!

    Қарағанды шаһарында алғаш рет "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен өтетін ХХ ғасырдағы қазақ өлеңінің санаулы алыптарының бірі һәм бірегейі, бұлақтай мөлдір, лирик ақын - Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдығына арналған "Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде..."

    ...
  • 2015 жылдың 8 қазаны күні студенттер мен оқушыларды "ГОГОЛЕВКАҒА"
    Ашық есік күніне шақырамыз!