"Сабақты ине сәтімен" деген емес пе? Қырымның әсем сұлу табиғаты, саф ауасы, көгiлдiр тауларын көру кім-кімге болса да арман екені ақиқат. Жуырда Қырымға барып, кереметін тамашалап, кәсіби деңгейімді көтеріп қайту бақытына ие болдым.
Маусым айының 8-12 күндері аралығында Қырымның тарихы антикалық кезеңнен басталатын Судак қаласында Дүниежүзі кітапханашыларының ХХІІ халықаралық конференциясы өтті.