Құрметті оқырмандар!

Кітапханамызда «Кешірім күндері» акциясы өтуде!

Егер Сіз не сіздің досыңыз, таныс-білісіңіз кітапханамыздан кітап алып, қандай да бір себептермен уақытылы тапсырмаған болса, - Сіздер үшін үлкен мүмкіндік. Қазан айының 5-31 аралығында ешқандай айыппұлсыз алған кітаптарыңызды тапсырыңыздар.

Келіңіздер, мүмкіндіктен қапы қалмай оқырман қатарынан қайта орын алыңыздар!