26 қазан күні кітапханада тағы бір жаңа клубтың тұсауы кесілді. Тарихымызды түгендеп, түбімізді тектеген уақытта осы істердің басы-қасында жүрген, айтулы тұлғалардың тағылымын тыңдау, жүзбе-жүз кездесу жастарға ауадай қажет.
"Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе отырып ашылды.