Әр ұлттың өзіне тән салты, дәстүрі бар. Қазақи дәстүрден аттамай, ата жолымен ардан алшақтамаған қазақ қашанда сезімін сүйгеніне ерекше білдірген. Бұл турасында кешегі Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Қозы мен Баянның махаббаттарын мысалға алар болсақ, алар тағылым санаға саңылаусыз жол табары хақ. Ал, бабалардың өнегелі сезімі ұрпаққа өшпес соқпақ болып қала берері сөзсіз.