Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_kozi_korpeshc is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_kozi_korpeshc is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Әр ұлттың өзіне тән салты, дәстүрі бар. Қазақи дәстүрден аттамай, ата жолымен ардан алшақтамаған қазақ қашанда сезімін сүйгеніне ерекше  білдірген. Бұл турасында кешегі Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Қозы мен Баянның махаббаттарын мысалға алар болсақ,  алар тағылым санаға саңылаусыз жол табары хақ. Ал, бабалардың өнегелі сезімі ұрпаққа өшпес соқпақ болып қала берері сөзсіз.

Сәуірдің 15 жұлдызы  еліміз бірнеше жылдан бері атап өтіп келе жатқан «Қозы Көрпеш -Баян Сұлу» күні, яғни, ғашықтар мерекесі екені баршаға аян.  Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының іргесінде жұмыс жасайтын «Жыр – Жауһар» поэзия клубы да айтулы мерекені ерекше қарсы алды. «Мен сені сүйген көктем бұл...» атауымен өткен кештің сәніне де, салтанатына да айналған бозбала мен бұрымды қыз. Олар «Ғашықтық», «Іңкәрлік», «Сезім», «Махаббат», «Сағыныш» деген жұптарға бөлініп шағын сайысқа түсті. Жастарға  қазылық еткендер «Жыр – Жауһар» поэзия клубының аға буын өкілдері Алмас Мырзахмет, Мирас Асан және Марал Дадиева.  Әдеби сазды кештің көркіне ырғақ қосып, көрермен қауымның жүрегіне әуелеген әуендермен жол тапқан Амангелді Ахметжанов, Берікбол Ахметов, Айбек Рымғалилар еді. Күмбірлеген домбыраның үнімен қос мұңлықтың махаббаты қайта жаңғырғандай. Қыз-жігіттер шат-шадыман күйде. Қылығымен баурап, қымсына тартынған қыз бен ұяңдау жас жігіттер алаңсыз ойынға мойын ұсынды. Әр кезеңі сайын ойнатылған ойын түрлері өзгеріп, өзгеше қырымен қызықтыра түсті. Жұптардың бірі бірінен қалыс  қалған жоқ.

{gallery}/material/news/2016_kozi_korpeshc{/gallery}

Осылайша, әр жұп өз өнерлерін сайыс кезеңдерінде сай көрсете білді. Жұптардың жанкүйерлері де берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы өз топтарына қолдау көрсетіп, қоржындарын ұпаймен толықтырды. Десек те, сайыс болған соң, топ жарғаны торқалы болары хақ. Сыннан сүрінбей, бас болып өткен жұптың жүлдесіне Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрындағы «Ромео мен Джульетта» спектаклінің премьерасына 2 билет берілді. Өзгелерден оза шапқан «Махаббат» жұбы осы жүлдені жеңіп алды. Қалған жұптар да ынталандыру сыйлықтарына ие болды.