Қазақтың біртуар ұлы, Халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, қазақ ұлтының перзенті Тоқтар Әубәкіров 70 жасқа толды. Ол 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979). Ұшқышқа 1988 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
...