Қаламыздың тұрғындары мен меймандары асыға күтетін "Гоголевкадағы" Кітапхана түніне" - 5 жыл!!! Биылғы жылы Акциямыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қарағанды облысының 80-жылдық мерейтойына орай және 1 Мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесі қарсаңында 2016 жылғы 29 сәуір күні өткізіледі.

"Кітапхана түнінің" негізгі мақсаты - кітап кеңістігі мен оқуды дәріптеу үшін кітапхана мен кітапқа құмар тұлғалардың күшін біріктіру, тұлғаның бос уақытын өткізудің жаңаша түрлерін ұйымдастыру, жастарды оқуға баулу, Қарағанды облысы кітапханаларының мәртебесін көтеру.

 

Осы түні сағат 20.00-ден 24.00-ге дейін арнайы СІЗДЕР үшін кітапхана қоры ашық және тек СІЗДЕР үшін ерекше мәдени бағдарламалар мен ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.

Келіңіздер, біз Сіздерді асыға күтеміз!

Кітапхана түні - 2016 алаңдар атауы

Алаңдар атауы:

1 алаң: Гитара рarty "Где, Где? В Караганде!" (1 қабат, Интернет секторы)

2 алаң:"Білімсіздің күні қараң" ойын викторинасы (жертөле, кітап сақтау бөлімі)

3-алаң: "Творчество и чудотворчество" клубы қатысушыларының "HAND-MADE" атты сатылым-көрмесі; "Біз" сөзінде – жүз мың "Мен" ұжымдық шығармашылығы (1 қабат, каталог залы)

4-алаң: "Вместе весело шагать по просторам" атты байқаулар мен викториналар (1 қабат, кітапханаларды дамыту бөлімі)

5-алаң: "Ұлттық қазына"квест ойыны (кітапхана бойынша)

6-алаң: "Менің Қазақстаным!" интеллектуалдық ойын (1 қабат ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі)

7-алаң: "Кітапқұмар отбасы" интеллектуалдық, музыкалық-танымдық шоу (2 қабат, өлкетану бөлімі)

8-алаң: "Тәуелсіздіктің төл перзенттері"жас ақындар мүшайрасы (2 қабат, конференц-зал)

9-алаң: "Интеллект аймағы"барлық жастағы топтар үшін ойындар мен байқаулар:"Полиглот" байқауы, "Қарағанды картасын жина" ойыны, "Гоголь кештері" ойыны (2 қабат, халықаралық кітап бөлімі)

10-алаң: "Ғажайып FELTING" киізден бұйымдар жасау бойынша мастер-класс (3 қабат, өнер туралы әдебиеттер бөлімі)

11-алаң: "Нумерология - сандар магиясы"сандар бойынша түсіндірме, жорамалдау

Сағат 20.00 "Отбасымызбен оқимыз" атты фотобайқау мен "Дулат Бабатайұлының мұрасы" атты аудармалар байқауының қорытындылары шығарылады.

20.00- ден 21.30-ға дейінтөмендегі мастер-кластар өткізіледі:(3 қабат, оқу залы):

  • Жұқа киізден тұмаршалар жасау
  • Мехенди (қолға қынадан сурет салу)
  • Арт-маникюр
  • "Тәтті ассорти" (кондитерлік тағамдар жасау)
  • "Невеста на выданье" (қолданбалы қолөнер бойынша мастер-класс)

С 20.00 до 21.30 "Су - өмір бұлағы" атты "Вода Хрустальная" сауда белгісінің промо-акциясы (интеллектуалдық ойындар мен викториналар) (3 қабат, оқу залы)

22.00-де -"Библиодрайв" дискотекасы басталады (3 қабат, оқу залы).

23.30-да–барлық алаңдар бойынша қорытынды жасалып, негізгі сыйлықтар ұсынылады.

24.00-де– "Кітапқа-Салют" дәстүрлі от шашуы.

Кеш барысында Сіздер үшін жұмыс істейді:

  • "Оқуды ұсынамыз" әдеби кафе-бар (1 қабат,қонақ бөлмесі).
  • "Мені өзіңмен ала кет" кітаптар шопингі
  • "Өзің жазыл да, досыңды жаз" Акциясы. Кітапхана жазылғандардың бәріне, досы үшін ақысыз жазылуға мүмкіндік беретін билет ұсынылады.