Ғарышты бағындырушылар мемориалы (23 желтоқсан, 2011, Қарағанды қаласы, Гагарин алаңы) Ескерткіш жергілікті деңгейде
Мемориал – адамзат баласының керемет ерлік істеріне, барлық ұрпақтың қажырлығы мен жеңісіне деген құрметтің белгісі. Ол – ғарышты игеруге Қазақстанның қатысуын және біздің елдің болашаққа деген құлшынысының символы.
Ескерткіштің тұғыры қара гранитпен қапталған бетоннан жасалған, сәнді орбита, жұлдызды сүмбі және скафандрадағы ғарышкердің фигурасы қойылған. Ғарышкердің жиынтық образ.
Монументтің ең жоғарғы жағындағы жұлдыз адамзаттың алдына қойған жоғары мақсатын бейнелейді.
Авторлар: А. Нартов, сәулетші М. Байсбай
Материал: алюминий, тотталмайтын болат, нитротитан, гранит, габбро.
Монументтің жалпы биіктігі 40 м.
Дереккөз:
- Амангелдіқызы А. Еңселі ескерткіш бой көтерді: адамзаттың ғарыш сапарына - 50 жыл // Орталық Қазақстан. - 2011. - 24 желтоқсан (№ 214/215). - 1 б.
- nsl.inform.kz
"Ғарышты бағындырушылар" монументі (1977 ж., Жезқазған қаласы, Шығыс айналмалы жолы) – ескерткіш жергілікті деңгейде
Монумент басты екі бөліктен тұрады – ұшып бара жатқан ракета, тіреуі стильге келтірілген ракета моторы және ұшақ, МИГ-17 истребителінің көшірмесі. Ұшақ символды траекторияда аспанға көтеріледі. Монумент ғарышты игеру Қазақстан жерінен – Байқоңыр ғарыш кешенінен басталғанын еске салады. Ғарышкерлер негізінен Жезқазған даласына қонып сол жерден Мәскеуге жөнелтілген.
Автор: мүсінші Н. Андреев, суретші Л. Пак, сәулетші К. Тұрлыбаев
Материал: металды қаңқа
Дереккөз: photogoroda.com
Интернационалист-жауынгерлерге арналған сәулетті мемориалды ансамбль (1990, Жеңіс паркі) - жергілікті деңгейдегі ескерткіш
1987 жылы интернационалист-жауынгерлер клубы және Қарағанды қалалық комсомол комитеті Ауғанстанда қаза болғандар құрметіне қалада монумент қою туралы бастама көтерді.
Қарағандыдағы сәулетті - мемориалды ансамбль ТМД бойынша (бүгінгі күнге дейін) ауғандық-жауынгерлерге қойылған алғашқы ірі монумент болып есептеледі.
Ансамбль бір-бірімен үйлесімді 3 бөлімнен тұрады. Негізгі бөлігі қызыл түстес ұлутаспен қапталған екі ярусты сатыдан тұрады. Ішкі жағында тұтас құймалы қабырға гранитпен қапталған, айналасы доға тәріздес пішінде сәкілер қойылған және абаттандырылған.
Ансамбльдің үйлесімді орталығы қаза болғандардың аты-жөні жазылған подиум, ол биіктігі 8 метрлік қоладан құйылған жас жеткіншектің мүсінімен жалғасады.
Авторлар: Н. Новопольцев, сәулетші Ж. Алтаев.
Материал: қызыл гранит, лабродорит, гаабро, мәрмәр.
Дереккөз: www.karnasledie.kz
Алғашқы құрылысшыларға арналған Ескерткіш-обелиск (1978 ж., Жезқазған қаласы, Алғашқы құрылысшылар алаңы) – ескерткіш жергілікті деңгейде
Ескерткіш-обелиск Жезқазғанның алғашқы құрылысшыларының ерен еңбектеріне арналған. Үйлесімді ескерткіш үш бөлімнен тұрады. Обелисканың жоғарғы бөлігінде қаланың жас құрылысшыларының – жоғарыға құлшыныспен ұмтылып тұрған қызбен жігіттің мүсіндері қойылған. Обелисканың ортасында қаланың пайда болуына себеп болған мыс пен металдан құйылған жолақ бар.
Тұғырда қазақ және орыс тілдерінде «Жезқазған қаласының алғашқы құрылысшыларына» деп жазылған.
Ескерткіш қазіргі сәндік тұрғыда орындалған.
Автор: К. Пак, мүсінші Н. Андреев, сәулетші К. Тұрлыбаев
Материал: мыстан құйылған және бетон
Дереккөз: culture.jezkazgan.kz
"Мәңгілік алау" жауынгерлік даңқ мемориал ансамблі (1975, Әлиханов көшесі) – жергілікті деңгейдегі ескерткіш
Фашистік Германияны құлату жеңісінің 30 жылдығы құрметіне тұрғызылған. «Батырлар жасасын» - мәрмәрға металлдан қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Етегінде доға тәріздес граниттен жасалған постаментте барлық батыр-қалалардың аттары жазылған. Алаңның ортасында «Мәңгілік алау». Екі жақ бүйіріндегі тіреуде «1941-1945ж.ж.» даталары жазылған. Бейнелеу және жазу жұмыстары шекіме (чеканка) әдісі бойынша мыспен орындалған. Оны мәңгілік алаудан бастау алатын Батырлар аллеясы Жеңіс паркіне қарай бойлап толықтырып тұрады, онда мемориалды тақталарға Ұлы Отан соғысынан оралмаған солдаттардың есімдері ойып жазылған.
Авторлары: мүсінші Ж. Молдабаев, сәулетші Н. Қойшыбеков.
Материал: мәрмәр және гранитпен қапталған бетон.
Дереккөз: www.karnasledie.kz
3 бет. Барлығы: 4