Евней Бөкетовке арналған ескерткіш (12 желтоқсан. 2006 жыл.  Е. Бөкетов атындағы ҚарМУдың бас корпус алаңы)

Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925-1983) атақты ғалым, химия және халькоген технологиясының ғылыми негізін қалаушы, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің бірінші ректоры, академик КСРО  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ғылымның 80  жылдығына байланысты ескерткіш қою туралы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың шешімі қабылданған. Ескерткіштер мен монументтер туралы мемлекеттік комиссияның ұсынысы болған. Академиктің биік тұғырға тұрғызылған еңселі бейнесі әріптестері мен достарының есінде сақталған қалпында берілген. Өткен өмірді саралап болашаққа барлай қарап тұр. Қолымен кафедраға сүйеніп тұр. Сол қолында - кітап оның жазушылық еңбегін паш етіп тұрғандай.

Авторлар: мүсінші А. П. Билык, сәулетші С. Мордвинцев.

Материал: қола, қызыл гранит.

Дереккөз:

  • Алпысұлы С.  Академик Е.А. Бөкетовке ескерткіш орнатылды: [Е.А. Бөкетов ескерткішінің ашылу салтанаты]  // Орталық Қазақстан. - 2006. - 14 желтоқсан. - 4  б.
  • Көбеев Е.  Жоғары білімнің қарашаңырағы: бүгін Қарағанды мемлекеттік университетінде академик Евней Бөкетовтың ескерткіші ашылды  // Орталық Қазақстан. - 2006. - 12 желтоқсан. - 6, 10  б.
  • Ни Н. Он был великим человеком:об открытии памятника // Индустриальная Караганда.- 2006- 14 декабря
  • Караганда. Карагандинская область:Энциклопедия.-Алматы, 2008-с.183
  • Иванина Н.И. Художник Билык / /Билык А.Жизнь в искусстве: Творческо-биографический альбом.-Караганда, 2009. - с.65-76